12 Декабрь
12:20
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
15 наурыз 14:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тоналды кремді қалай таңдаймыз?

Әдемі әрі тегіс бет терісі – әрбір қыздың арманы. Бұндай бет-әлпетке тек Photoshop-тың көмегімен қол жеткізу мүмкін сияқты. Алайда, бұл олай емес. Бар болғаны өзіңізге сай келетін тоналды кремді таңдасаңыз болды.

Бет терісіне сәйкес тоналды крем таңдау

Ылғалдандыратын, тегістейтін, лифтинг әсері бар, безеулерге қарсы – тоналды кремдердің бұлай бөлінуі жайдан жай емес. Дұрыс таңдалған тоналды крем бет бояуыңыздың ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді.

Майлы теріге арналған тоналды кремнің құрамында абсорбенттер болу керек (мырыш, күкірт, А және В топтарының дәрумендері). Олар терінің артық май бөлуін реттеумен қатар тері ылғалының қалыпты мөлшерін сақтап тұрады.

Сонымен қатар, майлы теріге арналған кремдерің консистенциясы тығыз болмағаны дұрыс. Ондай тоналды кремдердің орнына сұйық эмульсия немесе крем-опаны таңдаған жөн.

Құрғақ теріге арналған тоналды кремнің басты міндеті – бет терісінің ылғалдылығын сақтау. Сондықтан бет терісі құрғақ арулар бірінші кезекте ылғалдандырғыш көрсеткіші жоғары тоналды кремдерге көңіл бөлгені абзал. Әдетте, бұл құрамында алое, гиалурон қышқылы бар кремдер. Құрғақ теріге арналған тоналды кремдердің құрамында өсімдік майлары да болғаны жақсы. Олар теріге қажетті дәрумендер мен протеиндарды тасымалдайды, терінің жұмсақ, әрі тегіс болуын қамтамасыз етеді. 

Құрғақ теріге сондай-ақ ВВ-кремдер жақсы әсер етеді. Себебі олар бірден бірнеше бағытта жұмыс жасайды: теріні ылғалдандырады, тегістейді, ультракүлгін сәулелерден қорғайды, және т.б. Олардың сұйық гель тәрізді консистенциясы теріге бірден сіңіп, құрамындағы пайдалы қоспалар тері күтімін қамтамасыз етеді.

Алғашқы әжімдер пайда болған теріге лифтинг әсері бар тоналды крем таңдау керек. Бұндай кремдердің құрамына ылғалдандырғыш компоненттер мен антиоксиданттар болады (коэнзим Q10, А, В, С дәрумендері). Олар теріні ылғалдандырып қана қоймай, бос радикалдардың пайда болуын алдын алады. Тері қабатындағы коллаген синтезін жақсартады, эпидермис бетін тегістейді. 

comode.kz
нравится:    924
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии