|    |  
20 шілде 2019
01:53
қаз
Тоналды кремнің теріге сай болмауының 5 себебі
21 маусым 2019, 16:30 89

Егер бояу бетте дақ болып, бетперде сияқты, кемшіліктерді жасырудың орнына айқындап тұрса, бұл – өнімді дұрыс таңдамағансыз деген сөз. Біз осы тұста жағдайды талқылап, тоналді кремнің сізді қанағаттандырмауының бес негізгі себебін анықтадық.

Тоналды крем бетке негізсіз жағылса, сәтсіз шығады. Құрал теріңізге жақпайтын болса, одан да нашар көрінеді. Мұнда тек өндірушілерге ғана емес, кремнің дұрыс таңдалуына байланысты болуы мүмкін. Бояудың бетіңізге біркелкі жағылмауының мынадай бірнеше себебі бар:

Жағымсыз формуланы таңдайсыз

Майлы терінің иелері «luminizing» деген таңбасы бар бояулардан аулақ болғаны жөн. Оның орнына формуласы майсыз, күңгірт текстуралы түрін таңдауға кеңес береміз. Ал, құрғақ терілерге бір мезгілде бетті тегістеп және ылғалдандыратын BB және CC кремдері жақсы үйлеседі. Жасы келген әйелдерге қою негізі бар бояулар жарамайды. Өйткені олар әжімдерді одан сайын айқындай түседі. Дәл қазіргі уақытта сәнге айналған ашық мөлдір кушондар «ересек» тері үшін жақсы таңдау болмақ.

Макияжға арналған негізді қолданбау

Макияжға арналған негіздер (праймер) маркетингтік тауар ғана емес, косметикалардың ішіндегі өте маңызды өнім болып табылады. Әрине, бұл бет терісі мінсіз көрініп, тональді құрал біркелкі орнықсын дейтін жандар үшін маңызды. Бұл бьюти-құралдар арқылы сіз кеңейген тері тесіктерін жасырып, теріге жарқындық сыйлап, макияждың ұзақ тұруына мүмкіндік бере аласыз.

Боянатын құралды дұрыс таңдамау

Сіз ең «мықты» визажист және бьюти-блогерлердің шеберлік сабақтарын қарай отырып, ең қымбат қылқаламдарды сатып алдыңыз делік. Бірақ макияжыңыз сонда да ойдағыдай шықпайды. Неге? Өкінішке қарай, бояуды щеткамен жағу – оңай іс емес. Оларды дұрыс қолдану кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Сондықтан бетте тональді кремнің артық бөлігі көрініп тұрмайтындай, жеңіл әрі елеусіз ету үшін кремді ылғалды спонж, бьюти-блендер немесе жай ғана таза саусақпен жағыңыз.

Бояу түсін дұрыс талғамау

Бояу таңдауда кең таралған қателік – тональді құралдың түсін дұрыс таңдамау. Сондықтан сатушылар бізге бояуларды сатып аларда қолдың сыртына жағып, түсін анықтап алуды ұсынады. Бірақ, бұл жердің терісі бетке қарағанда ашықтау келеді. Сол үшін ең дұрысы – беттің өзіне жағып көрген жақсы. Болмаған жағдайда ғана алақанның сыртын пайдаланған жөн. Тағы бір маңызды тұсы: бояудың түсін күннің жарығында жақсы анықтауға болады. Себебі дүкендердің жарығы тым қараңғы немесе тым жарық болуы мүмкін. Егер кремнің түсі күдік тудырса, әрдайым ашық түсін таңдаңыз. Оны теріге таратып жаққан кезде кем тұсы байқалмай кетеді. Ал теріден күңгірттеу түсін таңдап қойсаңыз, оның бет түсіне сай еместігі самай, тамақ, мойыннан айқын көрініп қалады.

Мойынды ұмытып кету

Ең нашар көрінетін не екенін білесіз бе? Бұл – беттегі бояу қаншалықты мінсіз болса да оның мойын мен алқым түсінен қатты ерекшеленіп тұруы. Қыста мойын ұзын жағалы жейденің ішінде жасырынып тұрса, бөлек әңгіме. Тіпті, бұл кездің өзінде де алқым мен мойынның бет түсімен бірдей болатынын ұмытпаған дұрыс. Яғни, бояуды мойын және тамаққа да жағуды естен шығармаңыз.

Дереккөзіsyrlasu.kz


Жаңалықтар