17 Август
19:23
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Кербез
14 сәуір 11:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тоңазытқыш күтімі

Тоңазытқышты кейде пайдаланбайтын жағдайда не істеу керек? Ондайда есігіндегі тығыздатқыш резеңкені, мұздатқыш бөлігін жақсылап жуып, құрғата сүртіңіз. Ішін босатыңыз. Егер тоңазытқыш салқын бөлмеде тұратын болса оның боялмаған тетіктерін, яғни, есік тұтқасын, болттарды, құлыпты майлап қойыңыз. Ал оны іске қосардан бір-екі күн бұрын есігін ашып қойсаңыз, жағымсыз иісі болса тез кетеді. Тоңазытқышта жағымсыз иістің пайда болуына не себеп болуы мүмкін?

Біріншіден, əрине, бұзылған тағамдар. Түрі əдемі көрінгенімен, сақтау мерзімі өткен тағамдарға абай болу керек. Əсіресе жұмыртқаның бұзылғанын білу қиынға соғады. Сырт көзге бəрі жақсы көрінгенімен, 10 дана жұмыртқаның арасынан қайсысы таза, қайсысы бұзылғанын анықтау мүмкін емес.

Екіншіден, иістің пайда болуына бірден-бір себеп – лас қорап жəне сұйықтық. Яғни төгілген сəтте сүртілмеген сұйықтық даққа айналады.

Үшінші себеп – тоңазытқыштың ұзақ уақыт қосылмауы. Тоңазытқышыңыздың бүлінбеуін қаласаңыз, осы 3 жағдайға мəн беріңіз.
нравится:    864
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии