|    |  
20 қараша 2018
20:42
қаз
​Төңкерістен кейін түріктердің он төрт кемесі жоғалып кеткен
20 шілде, 09:53 710

 
 Түркияның әскери теңіз флоты (ӘТФ) төңкерістен кейін он төрт кемесін таппай отыр. Сенбі күнгі оқиғадан кейін олар байланысқа шықпаған. Флот қолбасшысы Вейсель Кезеледен де 16 маусымнан бері хабар жоқ. Оның көтерілісшілердің тұтқынында отырғаны әлде төңкерісті ұйымдастырушылардың бірі болғаны әзірге беймәлім.
 
Жоғалған барлық кемелер Эгей теңізі мен Қара теңізде әскери қызметте болған. Бірнеше кеменің саяси баспана сұрау үшін Грецияға бет алуы да мүмкін екені айтылуда.
 
Ал Түркия бұқаралық ақпарат құралдары төңкерісті жақтаушылардың адмирал Кезелені алдап, кемені қолға түсіруі мүмкін екенін жазып жатыр.
Түркия үкіметі қолбасшыға қатысты қандайда бір мәлімдеме жасаудан бас тартты. Бірақ күдікті арандатушыларды іздестіріп жатқанын растады.
 
Дереккөз: hronika.info.
Жаңалықтар