15 Декабрь
04:51
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
18 сәуір 11:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ТОП-10: рекордтық ең қысқа мерзімде салынған ғимараттар
Соңғы жылдары құрылыс технологиясы ерекше дамығаны соншалық, жаңа үйлер салу жылдамдығына көз ілеспейтін күйге жетті.




Бұрындары сәулет өнерінің жауһарлары ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы бой көтерген болатын. Мысалы, Прагадағы Әулие Вит соборы 585 жыл, Париж Құдай анасы соборы 182 жыл, аңыздар бойынша Петр Чайковскийдің «Аққулы көл» шығармасының туындауына шабыт берген Бавариядағы Нойшванштайн 24 жыл бойы тұрғызылған.
 
Бүгінде тіпті ең үлкен әрі көз тартатын ғимараттар көзді ашып жұмғанша бой көтеріп, пайдалануға берілуде. Құрылыс процесінің ұзақ уақытқа созылуы өте сирек кездеседі, оның өзінде архитектуралық қиындықтар емес, қаржыландыру проблемаларының кесірінен құрылыс тоқтап қалып жатады. 



Қытайдың Чанша қаласында 57 қабатты «Көктегі шағын қала» ғимараты небәрі 19 күн ішінде салынды. 1200 жұмысшы қатысқан құрылыс жұмыстары бойынша күніне орташа жылдамдықпен 3 қабат тұрғызылды. Үйде 800 пәтер және 4000 адамға арналған жұмыс үй-жайлары орналасқан. Оның жалпы ауданы 186 мың шаршы метрді құрайды.



Нидерландыдағы кеңінен танымал Heijmans ONE тұрғын үйі төзімді ағаш рамалар мен күн сәулесі батареялары панельдерінен құрастырылған. Ас үйі, ваннасы, жатын бөлмесі және қонақ бөлмесі бар үйді бір күннің ішінде салған.




2012 жылғы 3-4 желтоқсанда Үндістан сәулершілері мен инженерлері 10 қабатты үйді 48 сағат ішінде тұрғызып, әлемдік рекорд орнатқан болатын. Мохалиде орналасқан INSTACON ғимаратының жалпы ауданы 25 000 шаршы метрді құрайды. Құрылыс процесіне жүздеген жұмысшылар, 200 техникалық персонал және 24 инженер қатысқан.



Австралиялық ArchiBlox фирмасы салған экоүйдің құрылысы 12 аптада аяқталған. Қонақ бөлмесі, жатын бөлмесі, ваннасы, ас үйі, тамақтану аймағы, кір жуатын бөлмесі және лоджиясы бар үйдің жалпы ауданы 53 шаршы метрді құрайды. Үй шатырдағы фотоэлектрлік панельдерден бастап жаңбыр суын жинау және тазалау жүйесіне дейін жасыл технология элементтеріне толы.




Қытайдың Чанша қаласындағы 30 қабатты мейманхана құрылысы 15 күн ішіне салынып біткен. Үйдің салмақ түсетін негізге бекітілген панельдері алдын ала электр сымдары жүйесімен, құбырлармен, желдетумен жабдықталғандықтан құрылыс күндігіне екі қабат тұрғызу жылдамдығымен салынған. Үй 93% фабрикалық дайындамадан тұрады.




Homeshell — Heijmans ONE секілді бір күн ішінде салуға болатын 3 қабатты үй. Бұл жерде мұндай үйлерді салуда құрылыстың жылдамдығы емес, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретінін ескерген жөн. Міне, Homeshell коммуналдық төлемдерді 90%-ға қысқартатын үйдің бірден-бір үлгісі болып табылады.




Қытайдың Чанша қаласындағы тағы бір таңғажайып ғимарат – 15 қабатты Ark Hotel мейманханасы небәрі 48 сағат ішінде тұрғызылған. Жоғарыда аталған 30 қабатты мейманхана секілді бұған да алдын ала барлық коммуникациялармен жабдықталған фабрикалық модульдерден тұратын материалдар қолданылған. Құрылысшылар оларды тек пазл секілді құрастырып шыққан.




Қытайдың Winsun компаниясы көбіне қайталама материалдарды пайдалана отырып, бір тәулік ішінде 10 шағын үйді салу үшін алып 3D-принтерлерді пайдаланған. Бір үйдің құны — $5000 төмен.




Нидерландыда құрастырылған 8 бұрышты Dom’Up үйі ағаштарға ілінген аспалы платформаға бекітілген. Үйдің 16 шаршы метрді құрайтын қаңқасы мырышпен қапталған болаттан жасалған, ал еденіне табиғи ағаш төселген. Мұндай «ұяшықты» құрастыруға небәрі 2 тәулік жеткілікті.



2002 жылдың желтоқсанында «Адамзатқа арналған тіршілік ортасы» коммерциялық емес ұйымы үй құрылысын ең жылдам салу бойынша рекорд орнатты: бар-жоғы 3 сағат 26 минут 34 секунд ішінде еріктілер Монтеваллода (АҚШ, Алабама штаты) үш жатын бөлмесі бар үйді салып бітірді. Мұндай ғажайыпты құрастыру үшін айларға созылған мұқяит жоспарлау талап етілді. Алайда, соның жемісі ретінде үйдің тек қаңқасы ғана салынып қоймай, көрсетілген уақыт ішінде еріктілер онда сантехникалық коммуникация мен электр желісін жүргізіп үлгерген. Былайша айтқанда, үй пайдалануға толыққанды дайын.


Дереккөзі: "Популярная Механика"
 
нравится:    520
Теги: Главная, Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии