Авто
18 қаңтар 16:10
ТОП-7: қысқы мерзімге арналған ең үздік автомобильдер


Кроссоверлердің танымалдылығының құпия сыры неде? Әрине, олардың әмбебаптығында. Олар сәл қымбаттау тұрады, дегенмен, оларды тізгіндеген көлік иелері кез келген жыл мерзімінде ешқандай қиындықтарға тап болмайтынына сенімді болады. Оның бар құпиясы – мұндай көліктердің клиренсі (немесе, кейде оны «жол сәулесі» деп те атайды) аса жоғары, ал бұл дегеніңіз жолдағы кез келген кедергілерге дайын болу деген сөз, деп хабарлайды autonews.ua.

200 мм астам жол жабындысындағы кедергілерді місе тұтпайтын ең танымал көліктерге тоқталып өтейік. Ескере кететін жайт, клиренстер туралы деректер автомобиль өндірушілердің мәліметтерінен алынды, ал оны әмбебеп өлшеудің әдістемесі әзірше жоқ.

Lada 4×4 (клиренс – 205 мм)

Ішкі және сыртқы көрінісі тұрғысынан бұл бұрынғы өзіміздің «алғашқы «Нива», тек қазіргі таңда бұл атау Chevrolet брендіне тиесілі. Бұған сену қиын, дегенмен «4х4» шығарыла бастағанына 40 жыл өткеніне қарамастан базада электрлі терезе көтергіштер, ГУР және ABS бар. 


Chevrolet Niva (клиренс – 200 мм)

Ал «Ниваның» бұл түрінде бзада ABS жоқ. Оның бастапқы жинақтауышында электрлі терезе көтергіштен басқа ештеме жоқ.


Renault Duster (клиренс – 205-210 мм)

Танымал кроссоверлердің бірі. Толық жетекті нұсқасы өзінің жол талғамайтын мүмкіндігімен қоса, жақсы геометриясымен, бірінші берілісімен және ақылға қонымды бағасымен ерекшеленеді.
 

УАЗ Hunter (клиренс – 210 мм)

Өркениет игіліктерінің ішіндегі ең озығы – оның гидравликалық күшейткіші болып табылады. Есесіне бұл нарықтағы ең арзан рамалы джип болып саналады!


УАЗ Patriot (клиренс - 210 мм)

Техникалық тұрғыдан алғанда, бұл да «тонын теріс айналдырып киген» «Уазик». Салонында салқындатқыш, ABS бар, тіпті рөлді реттеуге болады. Ал, Patriot new жинақтауышында парктрониктер, климат-бақылау, былғары мультируль және круиз бар.


Nissan X-trail 

Кроссовердің бұл түріне күмәнмен қарауға болмайды – оның клиренсі 21 см. Төрт жинақтауышы бар: VISIA, ACENTA, N-CONNECTA және TEKNA.


Mitsubishi Outlander (клиренс – 215)

Отбасылық кроссовер және жаман жолдарда ең сенімді көлік. Биік болғандықтан, ешқандай кедергісіз жылдам қозғала алады. 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика