16 Июль
02:58
Астана: 18 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 343.45
EUR/KZT: 399.57
RUB/KZT: 5.52
CNY/KZT: 51.28
Экономика
3 сәуір 17:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ТОП-9: Әлемде бизнес ашуға ең қолайлы елдер
Уортон университеті қай мемлекеттерде бизнес ашу оңай екенін анықтады.





Уортон университеті Y&R компаниясымен бірлесіп 80 мемлекеттің ішінде бизнес ашу үшін ең оңай 9 елді анықтады. Аталған тоғыз ел әлемнің ішкі жалпы өнімінің 95 пайызына иелік етеді. Тізімді құру барысында өндірістік шығын, бюрократия деңгей, салық, мемлекеттің бизнеске қатысты саясатының ашықтығы мен жемқорлық деңгейі секілді бірнеше факторлар ескерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

1. Панама — Орталық Америкада бизнес ашу оңай жалғыз мемлекет. Панаманы жұрт “салық жұмағы” деп те атайды. Бұл елге әлем капиталы ағылып келеді. Салық мәселесі ең оңай бұл ел тізімді құруда 10 баллдан 10 алып тізімнің көш басына шықты. Дегенмен, Панама бір жағынан жемқорлықпен де аты шыққан.

2. Люксембург — Батыс Еуропадағы шағын елде де салық жағы оңай. Сол себепті әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мұнда жұмыс істеуге құштар.

3. Швейцария тарихи тұрғыда кәсіпкерлік үшін ең жайлы елдерджің бірі. Салық климаты, мемлекеттің саясатының ашықтығы мен жемқорлықтың аздығы елде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ел өмір сүру сапасының жоғарылығымен де ерекшеленеді.

4. Дания да Солтүстік Еуропа елдеріне сай ерекшеліктерді иелене отырып, жемқорлықтың аздығы, саясаттың ашықтығы мен білікті жұмыс күшінің арқасында кәсіпкерлікке қолайлы орта ұсынады.

5. Финляндия Норвегия мен Швеция секілді экономиканың скандинавиялық үлгісін ұстана отырып мемлекеттің бизнеске қатысты саясатының ашықтығы мен жемқорлықтың аздығының арқасында бизнесті жақсы жүргізіп отыр.

6. Швеция бизнесі Норвегия секілді капитализм мен еркін нарыққа негізделеді. Салық көлемінің көптігіне қарамастан бұл ел тізімнің жоғарғы жағынан көрініп отыр.

7. Канада Солтүстік Америка бойынша бұл тізімге кірген жалғыз мемлекет. Бұл елдің басты ерекшеліктерінің бірі жоғары технология. Бұл өз кезегінде жұмыс күшінің біліктілігіне оң әсер етеді. Бұл елде қызмет көрсету саласы экономиканың негізгі қозғаушы күші.

8. Жаңа Зеландия негізінен туризм саласымен және экспорттың күштілігімен ерекшеленеді. Әсіресе ауыл шаруашылығы экспорты қуатты.

9. Норвегия салығының көптігіне қарамастан бизнеске қолайлы елдердің тізіміне кірді. Бұл елдегі салық елдің ІЖӨ-нің 40-45 пайызын құрайды. Соған сай мемлекет те жемқорлықты барынша азайтып, бизнеске қатысты мемлекет саясатының ашықтығын қамтамасыз еткен.

Дереккөзі: Egemen.kz 
 
нравится:    315
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии