|    |  
24 ақпан 2020
03:23
қаз
​Төреғали сахнада халықтан кешірім сұрады
03 қаңтар 2018, 12:10 58
Павлодардағы концертінде ақсақалға бейәдеп сөз  айтып, қалың елдің сынына қалған Төреғали Төреәлі 30 желтоқсанда Алматыда өткен айтыста сол қылығы үшін халықтан кешірім сұрады. Видеосы youtube желісінде жарияланды.

 
 
«Сынап та, сыбап та алып жатсыздар. Ол мен үшін жігерлендіру болды. Сіздердей қолдайтын халқым, қорғайтын Алла барда мен еңсемді тіктеп ұстап жүрмеуге ешқандай хақым жоқ деп ойлаймын, ағайын. Қазақта «Өзінің туған жерінің тасына сүрінгенімен, ер жігттің аяғы ақсамайды» деген сөз бар. Мұның бәрі мен үшін үлкен сабақ болды. Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын. Кем-кетігім болса еркелігім деп, балалығым болса шалалығым деп қабылдарсыздар. Мен сіздерді жақсы көремін» – деген Төреғали.


 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар