24 Июнь
05:10
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 340.27
EUR/KZT: 396.31
RUB/KZT: 5.39
CNY/KZT: 52.39
Әлем жаңалықтары
13 қаңтар 11:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Төреғали тәубесіне қашан түседі? Сынған күйсандықтың обалы кімде?
Бүгінгі таңда Төреғали Төрәлі қазақ сахнасының мега жұлдыздарының бірі. Оған дауа жоқ. Жыл он екі ай концер, мыңдаған жанкүйер, жүздеген фанклуб. Қымбат көлік, қымбат қонақ үй... Ауызнан шыққаны арнада, тастаған ойы талқыда. 



Бұл жайт қарадан шыққан ханның басын шыр айналдырса керек. Бұл туралы оның Керекуде өткен концертінен-ақ аңғарған едік. Махаббаттан елдің наразылығы көбейді осы тұстан. Біреулер ақтады, біреулер даттады. Қызық ылғанда анасының ерке баласы Қайрат Нұртасты сағына бастады ел. Бұдан кейін Төреғали тәубесіне түсу керек еді. Алайда ол туралы суыт сөз, ауыр әңгіменің аяғы тартылмады, етегі тиылмады.

Енді міне Республика сарайында өткізген концертінің тағы бір шиі жайылды елге. Ол концертін 40 минутқа кешіктіргенімен қоймай, сарайда орналасқан күйсандықты қиратып кетіпті. Артынша жөндеуден бас тартқан екен жұлдыз.

Осы оқиға туралы Республика сарайының концерт ұйымдастырушы маманы Мейірім Ғарифоллаева: "“Гримеркадағы күйсандықты сындырып кетті. Оны бізге айтпаған. Көрсетпей. Өйткені біз күйсандықты ашқан жоқпыз. Содан кейін оған хабарластық. Жауап бересіз бе де айттық. Пернелерін кім жасайтынын сұрадық. Олар бас тартты. Ешкім жауап берген жоқ”,- деп назын айтып отыр. 

Көп асқанға бір тосқан дейді қазекем. 

Дереккөзі: Отандық БАҚ 

 
нравится:    1175
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии