20 Август
04:34
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
27 маусым 12:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Төреғали Төреәлі әке атанып, ақыл тоқтатқанын айтты
Алғашқыда айтыскер ақын ретінде танылған әнші Төреғали Төреәлі жеке өміріні жасырын ұстайтын өнерпаздардың қатарында. Қалың тыңдарманы оның әкесі әрі продюсері Төреәлі мырзаны біледі, анасын, екі қарындасының бар екенін біледі. Отбасын құрғанын да бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған бұрын. Бірақ әншінің өзі де әкесі де тіс жарып, жеке өмірі жайлы айта бермейді.


 
Әнші әлеуметтік желіге әкесінің суретін жүктеп, өлең жолдарымен әкесіне деген ақжарма тілегін жеткізген. Сөз арасында өзінің де ес жиып, ақыл тоқтатып, әке атанғанын айтып қалған. Бірақ әншінің қашан кішкентайлы болғаны, тіпті қанша баласы бар екені құпия қала бермек. Мұны оқыған  оқырмандар бауы берік болсын айтып, ақ тілектерін жаудырып жатыр. 



“Кеудеме бүгін толғандай болды аздап мұң,
Жүректен шыққан жырымның шоғын маздаттым.
Кешірші әке, талайды жырға қоссам да
Сен жайлы әлі бір шумақ өлең жазбаппын.

Өсірдің мені қалдырмай көштен аш қылмай,
Жалғанда мынау еңсемді тіктеп пәс қылмай.
Қатал тәртіппен қасиетіңді дарыттың
Өз бөлтірігін тістеп сүйетін қасқырдай.

Баласы болсам бай-бағланның егер мен,
Алтынмен аптап күміспен қаптап берер ме ем?!
Қолымнан әке не келеді басқа өнерден?
Алғысымды айттым өзің үйреткен өлеңмен!

Түссем де талай ішіне талас-көкпардың,
Баламын саған, еркемін әлі сотқармын.
Әкетайым деп соңыңнан еріп жүргенде
Ес жиып міне өзім де әке боп қалдым.


Айт күні келген, туған күніңде айтулы,
Сол жақтан жұлдыз, оң жақтан әппақ ай туды.
Құрметті менің көзі ашық оқырмандарым
Ұмытпаңыздар әкеге алғыс айтуды!”

Дереккөз: Reactor
нравится:    861
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии