14 Декабрь
04:38
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Мәдениет
13 сәуір 16:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Төреғали Төреәлі ауруханаға түсіп қалды (фото)



Елдің көңілінен шыққан жас әнші Төреғали Төреәлі аяқ астынан денсаулығы нашарлап, ауруханада ем қабылдап шықты. 
Қазақстанның өңірлерін аралап, күнде концерт беріп шапқылап жүрген әртістің денсаулығы Тараздағы кештен соң, күрт нашарлаған.
Үздіксіз сапар, күнделікті концерттен дәрмені таусылған Төреғали ауруханаға барып, ем қабылдауға мәжбүр болған.
Абырой болғанда, қазір әншінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын, "Сырласу" бағдарламасында Төреғалидың ұшақтан түспейтінін, кеш қоюдан қолы тимейтінін байқаған журналист әртістің әкесінен ұлын неге сонша аямайтынын сұраған еді. 
"Оның бәрі бақылауда. Олай еңбек етпесе, құр үйде жатса, бір айда бір шығып келіп, олай жасауға да болады. Елді көрмесе, халықты көрмесе, шақыруға бармасаң, шақырғанға зар боласың дейді. Бұл мәңгілік нәрсе емес шығар, бізге берілген белгілі уақыт осы шығар... Бірақ, менің ұлыма жаным ашығаны соншалық, ол тұрса-тұрам, ұшса-бірге ұшам", - деген Төреғалидың әкесі ұлының үздіксіз концерт беруін өзінің жанашырлығымен түсіндірді.

Естеріңізде болса, Төреғали Төреәлі осындай қызу тіршілікпен үйіне бір-екі айда бір рет баратынын, тіпті кейде анасы оны бір көріп кету үшін әуежайға өзі келетінін өлеңмен жеткізген болатын.




Ия, құрметті қауым, Сіздердің көңілдеріңізді табу үшін бар күш-жігеріп сарп етіп, шығармашылық ізденістерімен қуантып жүрген ерке ұлдарыңыздың деніне саулық тілеп жүргейсіздер!!!


Дереккөзі: БАҚ және әлеуметтік желі материлдары
 
нравится:    3460
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии