20 Октябрь
10:57
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Мәдениет
26 қыркүйек 18:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Төреғали Төреәлі қазақ шоу-бизнесінің белді өкілдеріне арнап өлең шығарды (фото)
Алғашқыда айтыскер ақын болып шығып, ал кейіннен эстрада жұлдызына айналған Төреғали Төреәлі шумақтап өлең жазуын әлі де тоқтатқан жоқ. Бүгін ол қолына заманауи «қаламын» алып, қазақ шоу-бизнесінің белді өкілдері Мейрамбек Бейспаев, Қайрат Нұртас, Еркін Нұржанов пен Нұржан Төлендиевке арнап өлең шығарды.



Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бұл көз көрген көнелер,
Бәрін жақсы көреді ел.
әрқайсысы number one
әрқайсысы forever!!!

Теңіз деген-ол өнер,
Бұлар алып кемелер.
Кемелерім тұрғанда
Өле қоймас төл өнер
Мені Төре дейдіғой
Міне, нағыз Төрелер!!!» – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Сары күз шабыттандырды ме екен, әйтеуір Төреғали қазақтың белгілі азаматтарына өлең арнаумен әлек. Кеше ол актер Тұрсынбек Қабатовқа да мына өлең жолдарын арнады:

«Бос уақытта білмейтін бос амалды,
Жанымдай жақсы көрем дос ағамды.
Қалжыңға елін қарық қылады деп
Құдайым бере салған осы адамды!»

«Төрешім, ақылыңа, сұлулығыңа тәнтімін», «Дұрыс айтасыз, нағыз төрелер», «Қазақтың жігіттерімен мақтанамын», «Нағыз жүректен шыққан сөздер десеңші», «Қазақтың жанып тұрған жарық жұлдыздары», «Киелі өнер өлкесінің біртуар азаматтары, әрбірінің өзіне тән алған асуы биік», – дейді Ұлы дала баласының өлең шумақтарына тәнті болған желі оқырмандары.





Дереккөзі: Stan.kz

 
нравится:    1810
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии