|    |  
17 ақпан 2020
08:22
қаз
​Төреғали Төреәлі өзін қорғаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады
29 желтоқсан 2017, 09:55 63
Павлодардағы концертінде ақсақалға аузына келгенін айтып, басы арылмас дауға қалған Төреғали Төреәлі өзін қорғаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады. Әнші халықтан өнердегі інісінің ағаттығын кешіруді өтінген болатын. Апасының осы ісіне риза болған Төреғали өлең арнап, әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

 
 
«Қазақтың ерке қызы – Мақпал апам!
Алатаудың қарындай әппақ апам.
Кешегі Заманбектей атпал атан,
Батырымның бақытын жаққан апам.
Қанында қайсарлық бар Әлиядай,
Жанында жұмсақтық бар мақтаға тән.
Кей еркектер сияқты өсектемей,
Қыз да болса қорғаштап жатқан апам.
Өйткені өзінің де өткен жолы,
Өнердің жолында көп қақпан-апан.
Ештеңе демесе де, жемесе де
Қасқырдың аузы-басы қап-қара қан.
Елге қызмет етеміз біз бәрібір,
Марапаттамаса да, мақтап Отан.
Талай жақсы елінде құрметтелмей,
Ұясында болды ғой жат балапан,
Айдалада мал бағып жүрген жоқ па,
Айға барып, келсе де Тоқтар атам?!» – дейді Төреғали.

 

Қазақтың ерке қызы - Мақпал апам! Алатаудың қарындай әппақ апам. Кешегі Заманбектей атпал атан, Батырымның бақытын жаққан апам. Қанында қайсарлық бар Әлиядай, Жанында жұмсақтық бар мақтаға тән. Кей еркектер сияқты өсектемей, Қыз да болса қорғаштап жатқан апам. Өйткені өзінің де өткен жолы, Өнердің жолында көп қақпан-апан. Ештеңе демесе де, жемесе де Қасқырдың аузы-басы қап-қара қан. Елге қызмет етеміз біз бәрібір, Марапаттамаса да, мақтап Отан. Талай жақсы елінде құрметтелмей, Ұясында болды ғой жат балапан, Айдалада мал бағып жүрген жоқ па, Айға барып, келсе де Тоқтар атам?! @zhunusova.makpal

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)


Дереккөз: Reactor
 


Жаңалықтар