|    |  
21 ақпан 2020
00:29
қаз
Төреғали Төреәлінің тағы бір былығы әшкере болды
28 желтоқсан 2017, 15:29 54
Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өткен апатада дүйім жұртты шулатып, басы дауға қалған Төреғали Төрелінің тағы бір былығын жайып салды. Әншінің өзі Асхат Садырбайға боқауыз сөз айтса, әкесі де баласын сынағандарға сес көрсеткен. Бұған дәйек болар дүниенің бәрін журналист желідегі парақшасына жүктеді.


 
«Төреғали Төреәліні мен ғана жазғандай тегі, барлықтарыңыз сыртымнан ғайбат пікірлеріңізді аямапсыздар. Бар жазығым сахнаны сыйламайтын кім еді ол деген сұрақ қойдым. Төрештеріңіз хейтерлерді аямай жинапты. Қарша боратып жатыр мен туралы жағымсыз пікірлер. Не дейін? Респект!
 
Пәтуасы жоқ "Біртүрлі қыз" деген әнінің нотасының өзі шетелден сол күйі ұрланған. Бұл да Ресейдің Басковы секілді "менен асқан әнші жоқ" деген сарында мақтанудан жалықпайды. Журналистердің ішінде Дана Нұржігіт, Ермұрат Бапи ағамыз да әншінің бұл ісін құптамады. Бірақ, уот, менің жазғаныма барлығы шүйлігіпті. Браво!
 
Әзірге мен Төрештеріңіздің ұялып, кешірім сұрап тұрған түрін байқамадым. Әлі де "мен, мен" деп өршігіп барады. Халықты итке теңеп, қазақтың шалдары құтырған деп есіріп тұрған әпендіні байқадым. Бұл жігіт өзіне өте көп алады екен. Журналистерді көзіне ілмейді. Егер сол журналистер болмаса, бұны кім танитын еді? Халыққа әнін тыңдатып, эфирден көрсетіп, танымал еткен менің әріптестерім! Семіздікті қой ғана көтереді деген осы. Сахнаға қызара бөртіп шығып, екі қолын сермеп қояр емес, әкесіндей емес, атасындай қарияға: "@нек" дегені қай сасқаны?!
 
Кешірейік деп қояды бір кісілер. Жүріңдер сол әрқайсысын кешіріп. Еркелігі ғой, балалығы мен шалалығы дейтіндей бозбала емес. Екі баланың әкесі. Дап-дардай жігіт ағасы. Егер дәл осындай жайт Еуропада, әлде мына тұрған Ресей мен Өзбекстанда болсын, қызанақ, жұмыртқа лақтырып елден қуып шығар еді.
 
Тағы айтамын. Қарияның не айтқанында шаруам жоқ. Ол кісі бар болғаны суын ішіп, ауызы көпіріп сөйлеп, сахнада емес тойда жүргендей болған әншіге ызалы болды. Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. "Шығарып жіберіңдер" деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал, бұл болса "шал, шал" деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін шығаруда.

P.S: Мына аудиожазбаны тыңдап көрсеңіздер, кімнің кім екенін білесіздер. Асхат Садырбайға да жазған сөздерін оқи отырыңыздар. Шоу-бизнестегілер маған базынасын айтты. Әрі қарай өздеріңіз көрерсіздер. Ертең министр Арыстан Мұхамедиұлы туралы постымда толығырақ жазамын. Жолдан шаршап келдім. Қазір төрештеріңізді ойлайтын шамам жоқ. Аман болыңыздар!»-деп жазған журналист.

 


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар