20 Январь
03:08
Астана: -26 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Мәдениет
9 қаңтар 11:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Төреғалимен суретке түскен Мырзахан Маханов сынға қалды
Төреғали Төреәлінің төңірегіндегі дау басылар емес. Бірақ бұған әншінің басы ауырмайтын сияқты. Ойнап-күліп, суретке түсіп, жұмысын жалғастыруда.


 
Бұл жолы Төреғалимен суретке түскен «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов сынға қалды. Әнші Төреғалимен бірге түскен суретін желіге жүктеп «Даланың баласымен Ақтөбе қаласына» деп жазған. Мырзахан Ақтөбеге таныстарының тойына барған.
  
Бірақ әншінің бұл қылығын желі қолданушылары ұнатпай қалды. «Сен де ертетін адам тапқан екенсің», «Мырзахан абайла жұғып кетпесін бір нәрсесі. Қайрат қашып кетті ғой бұдан, бұрын Қайраттың көлеңкесі сияқты жүретін», «Төреғали маған өр көкіректігімен ұнамай қалғаны болмаса, жақсы-ақ əнші. Киелі Сыр өңірін ұяттау қылығымен жерге қаратқаны болмаса, тəуір-ақ ақын», «Көше баласы деу керек, дала баласына лайық емес» дейді оқырмандар.
 
Бұған дейін «Жігіттер» тобының басқа мүшесі Бағлан Әбдірайымов Төреғалиды тәубесіне келуге шақырып,  Павлодардағы ісі үшін халықтан кешірім сұрауын талап еткен болатын.

Дерекккөз: Reactor
нравится:    374
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии