18 Декабрь
09:23
Астана: -21 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
4 қараша 09:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Торғайдағы тылсым өрнектер
Тағы да бүкіл әлемнің назары қазақ даласына ауды. Бұл жолы жаһанның қызығушылығын тудырған дүние Торғай өлкесінен табылған тылсым өрнектер болып отыр.



Таяуда АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі жерге ойылып салынған аталған геометриялық денелердің фотосуреттерін жариялады.
Негізі бұл өрнектерді алғаш рет 2007 жылы Қостанай тұрғыны Дмитрий Дей кездейсоқ тауып алған еді. Ол пирамидалар туралы фильм көріп, Google Earth бағдарламасы ар­қылы өз қа­ласының маңынан сондай тарихи жәді­герлерді іздеген. Нәтижесінде, Торғай дала­сын­дағы түсініксіз суреттердің үстінен түсті.



- Осыдан 7-8 мың жыл бұрын болған табиғат апатынан Торғай жазығын Аралдың тұзды суы басып қалған. Дәл осы кезеңде Азия мен Балқан түбегінде Күнге табыну мәдениеті бастау алғаны белгілі. Кейін ол Мысыр арқылы бүкіл Еуропаға тарады. Генетик мамандардың пайымдауынша, бүгінгі R1b гапло тобы сол кезде пайда болған. Бұл ген қазіргі Батыс Еуропа халықтарының 60 пайызына тән. Тіпті, Ирландия, Шотландия және Уэльс сынды елдердің тұрғындарында 90 пайызға дейін кездеседі. Тутанхамон перғауын мен Ұлыбританияның король отбасы да осы топтың өкілдері екендігі айтылып жүр. Егер менің болжамым дұрыс болса, еуропалық өркениеттің түп-тамыры қазақ даласында жатыр, - дейді Д.Дей.



Қазіргі таңда Торғайдағы тылсым өрнектер - әлемнің көптеген ірі оқу орындарында жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Бірнеше футбол алаңының аумағын алып жатқан геоглифтер ор, қорған және дуалдар кешенінен құралған. Кейбір зерттеушілер оларды Күннің қозғалысын тәулік бойы бақылау үшін салынған деп жорамалдап отыр.



Дерекккөзі: Егемен Қазақстан


 
нравится:    894
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии