|    |  
26 мамыр 2019
16:16
қаз
Төрт мәрте Олимпиада чемпионын туған күнінде тонап кеткен
25 сәуір 2019, 15:34 41
Қашықтыққа жүгінуден төрт мәрте Олимпиада чемпионы атанған Мохамед Муктар Джама Фара ұрлықтың құрбаны болды. Спортшыны туған күнінде тонап кеткен.



Ол марафонға дайындалу үшін Эфиопияға келіп, Аддис-Абеба қонақүйіне тоқтаған. Ол қонақүйдің иесі Хайл Гебреселассие 1994 жылдан бастап қашықтыққа жүгіруден 27 мәрте әлемдік рекорд орнатқан.

Ұрлық 23 наурыз күні болған. Фарақонақүйдегі бөлмесіне келгенде 2500 фунт стерлинг ақшасы, екі ұялы телефоны мен сағаты жоғалғанын анықтаған.

Қонақүй әкімшілігі болса оқиғаны анықтайтынын айтып уәде берген. Іске полиция да араласқан. Бірақ нәтиже болмаған. Ал қонақүй қожайыны Хайл Гебреслассиеге хабарласа алмай қойған.
 
Мо Фара енді екі адвокат жалдаған. Ол атақты спортшы Хайл Гебреслассие жауапкершілік алса екен дейді.

Дереккөз: Life


Жаңалықтар