|    |  
07 желтоқсан 2019
19:00
қаз
​Тосап қосылған пирогтар
15 наурыз 2017, 15:32 262
1. Үгілмелі қамырдан  тосап қосылған пирог


Ингредиенттер:

жұмыртқа — 2 дана;
ұн— 2-3 ст.;
сары май — 200 г;
қант — 1 ст.;
ванилин — пышақтың ұшымен;
қопсытқыш — 1 шай қасық;
тосап немесе  джем — 150-200 г.

Дайындау тәсілі
 
Шұңғыл ыдыста май,қант,жұмыртқа мен ванилинді жақсылап араластырамыз да қопсытқыш қосылған ұнды үстіне салып жұмсақ қамыр илейміз. Дайын қамырды екіге бөліп кішірегін тоңазытқышқа 1 сағатқа қоямыз. Екінші бөлігін табаға салып үстінен тосапты жағамыз.Тоңазытқыштағы қамырды алып пирогтың үстіне әдемілеп кесіп саламыз.
Пешке 200 градус ыстықта 20-25 минутқа қоямыз.
 

2. Тосап қосылған үгілмелі  пирог


Ингредиенттер:

3 ст. ұн;
250 г май;
1 жұмыртқа;
0,5 ст. қант;
1 шай қасық ванилин.

Дайындау тәсілі:
 
Ұн мен майды жақсылап араластырамыз.Бөлек ыдыста қант пен жұмыртқаны көпіртіп аламыз. Дайын қамырды екіге бөліп тағам пленкасына орап тоңазытқышқа 1 сағатқа қойып қоямыз.Қалыпты майлап бетіне ұн себеміз де қамырдың бір жартысын үккіштен өткіземіз.Бетіне тосап жағып оның үстіне қалған үгітілген қамырды саламыз.Үстіне қант пен жаңғақтардан жасалған қоспаны себеміз де 180 градус ыстықта 25-30 мин пісіреміз.


3. Алмұрт қосылған жаңғақ пирогы


Ингредиенттер:


ұн— 470 г;
ашытқы — 11 г;
су— 330 мл;
тұз— 1/2 шай қасық;
бал — 5 ас қасық ;
лайм — 1 дана;
лимон қабығының үгіндісі— 3 ас қасық;
крахмал — 2 шай қасық.;
зәйтүн майы — 5 ас қасық;
алмұрт тосабы — 300 г;
грек жаңғағы— 150 г;
бадам жаңғағы — 20 г.

Дайындау тәсілі:

Жылы суға 1 ас қасық қант, 1/2  шай қасық тұз бен ұнға ашытқы қосып 15 минутқа қалдырамыз.
15 минуттан кейін қант,лимон қабығының үгіндісі мен зәйтүн майын қосып қамыр илейміз.
Көтерілген сайын басып отырып қамырды 1-2 сағат тындырып қоямыз.
Үгітілген жаңғақтарды құрғақ табада қуырып аламыз да тосапқа қосып араластырып табаға салынған қамырдың үстіне жаямыз.
Қалған қамырды әдемілеп үстіне жауып 30-35 минуттай пісіреміз.
Дайын болған пирогты 10-15 минут суытып қоямыз.



4. Тосап қосылған пирог


Ингредиенттер:

120 г май;
2 ас қасық қант;
дәміне қарай ванилин;
Салмасына алма,таңқұрай немесе бүлдірген тосапын пайдалануға болады..

Дайындау тәсілі:
 
Ұнның үстіне үккіштен өткізілген маргарин мен жарты ас қасық ас содасы мен ванилинді қосамыз.Ұнтақ пайда болғанша қамырды илеп жартысын табаға саламыз.Бетіне тосапты жағамыз да үстіне қалған қамырды жабамыз.
200 градус ыстықта 30-35 минутқа пирогты қоямыз.
 
Астарыңыз дәмді болсын!



 


Жаңалықтар