Кербез
10 ақпан 16:00
Төстің қатерлі ісігіне шалдықтыратын өнімдер анықталды
Құрамында аспарагин амин қышқылының мөлшері аз диета сүт безінің қатерлі ісігіне тосқауыл болады.

 
 
Экспериментте гормональды терапиямен емделмейтін, қауіпті деңгейдегі қатерлік ісікке шалдыққан тышқандар зерттелген. Ғалымдар тышқандардың тамағына аспарагинга бай өнімдерді қосқан. Бұдан кейін жасушалардың қатерлі ісігі күшейген. Кейін жануарларды аспарагинсіз диетаға отырғызғанда олардың жағдайы жақсарған.
 
Сүт өнімдерінде, сиыр етінде, құс етінде, балық пен теңіз өнімдерінде, картопта, сояда, жаңғақ пен дәндерде аспарагин көп. Ал көкөністер мен жемістерде амин қышқылдары аз.
 


Дереккөз: doctor.rambler.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика