16 Август
23:26
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
19 қазан 09:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тотықұсқа ұқсау үшін құлағын кесіп тастады
Ұлыбританияның Бристол қаласының Тед Ричардс есімді 56 жастағы тұрғыны бар ғұмырын тотықұсқа ұқсауға арнаған. Бұрын жергілікті аяқ киім фабрикасының жұмысшысы болған ол үйінде бес тотықұс, ит және игуан ұстайды.



Ол жануарларға ұқсау үшін үсті-басын түгел алабажақ етіп, тәніне сурет салдырған (тату). Ол, тіпті, мұнымен шектелмей тотықұсқа ұқсау үшін екі құлағын ота жасатып, кестіріп тастады. Енді мұрнын құстың тұмсығына ұқсатуды ойлап жүр. Бұл жайында Mirror ақпарат көзі хабар таратты. Егер оның сөзіне сенсек, ол құлағын кестіріп тастағанына шексіз бақытты. «Өзімді айнадан қараудан жалығар емеспін. Әйтеуір, бұрыннан армандағаныма ұқсап көрінетін болдым-ау»,- деді ол. Ол құлақтарын досына сыйлады. «Жақын таныстарымның бірі менің құлағыма ие болғанын өзіне білдірілген құрмет санайтынын жеткізді. Ол сақтап қойды воскке салып»,- деді сөзін сабақтап. Элли, Тика, Тимне, Джейк және Буби деп аталатын тотықұстарының үстінен құс ұшырмайды. Ол тотықұсқа ұқсау үшін алғаш рет тәніне суретті 1976 жылы салдырған екен. Ол өзінің қолдан өзгертілген сырт  келбетінің көшеде ешкімге ерсі көрінбейтінін жеткізді. «Балалар мені өте жақсы көреді. Шынымды айтсам, бұл мені айран-асыр қалдырды. Олар ылғи жаныма келіп, кесілген құлағымның фото-суретін көрсетуді өтінеді. Оларға зәредей де қорқынышты емес».- деді ол үнінен мақтаныш лебі есіп. Жануарға ұқсау үшін барын салып, сырт кескін-келбетін өзгерткендердің алды-арты ол емес. 2012 жылы жолбарыс адам атанған адам өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден озған болатын.

Дереккөзі: http://islam.kz/
нравится:    1049
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии