Әлем жаңалықтары
12 шілде 18:06
Той үстінде қалыңдықтың көйлегі өртеніп кетті


Ұлыбритания тұрғыны 33 жастағы қалыңдық Рейчел Бофой той кезінде аяғының ысып кеткенін байқайды. Ол кезде көйлегі өртініп жатқан еді.

«Мен айқайлап, не істерімді білмей қалдым. Көйлегім өртеніп жатты.3 жаса қызымды көтеріп тұрғанмын. Аяғымды кесетін шығар деп ойладым», – дейді Бофой.

Досы отты сырамен өшірмек болған. Қалыңдық отты өзі сөндіріп үлгерді. Көйлегі киюге жарамай қалды.




«Аяғым әлі жанып жатқандай күйде болды. Анам уайымдағандықан бөлмесіне барып жатып қалды. Бірақ, таңғаларлығы аяғымда еш із жоқ», – дейді қалыңдық.

Ол өртке бенгал оттықтары себеп болған деп болжайды. Өйткені көйлегі өртенер алдында жастар бенгал жаққан.

Екі жас 2015 жылы үйленіп, тойды екінші баласын өмірге әкелген соң жасаймыз деп шешкен. Қалыңдық оқиғадан соң өрт сөндіруші болып, адамдарға көмектесем деген ойда қалды.




 

Комментарии




Яндекс.Метрика