23 Август
19:36
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Авто
24 мамыр 09:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Toyota АҚШ-та тағы да 1,5 млн автомобильді кері қайтарады


Жапонияның Toyota компаниясы Takata фирмасының қауіпсіздік қапшығының кемшілігіне байланысты АҚШ-та қосымша 1,58 млн автомобилді кері қайтарады.

Кері қайтарылатын 9 модельдің ішінде 2006-2011 жылдары шыққан Corolla, Yaris, Sienna да бар.
«Машиналарда алдыңғы жолаушы отыратын жердегі қауіпсіздік қапшығының жарылғышы ауыстырылады», - делінген автоконцерн жария еткен мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта Takata қауіпсіздік қапшығын ауыстыру үшін Toyota АҚШ-та кері қайтарылған көліктердің саны 4,7 млн-нан асып кетті.

Еске сала кетсек, Жапонияның Takata компаниясы 2014 жылы даудың ортасында қалды. АҚШ-та көлік саласының мамандары оның өндірген қауіпсіздік қапшығы кенеттен жарылып кетуін, болмаса түрлі темірлерді көлік салондағыларына «атып» жарақаттауын анықтаған. Осы технологиялық кемшілік салдарынан 11 адам  қаза тапқан, оның 10-ы америкалық. Осыған байланысты кері шақырылған көліктер саны әлемде 100 млн-нан асып кетті, деп хабарлайды tass.ru сайты.
 
нравится:    649
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии