12 Декабрь
02:57
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
26 маусым 09:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тозақ қақпасы
Ербент ауылынан 90 шақырым қашықтықта отты жалын шашып жатқан кратер бар. Түркіменстан - танымал туристік аймақ емес. Бірақ, бірнеше жылдан бері елге әлемнің түрлі мемлекеттерінен келушілер ағылып жатқан бір орын бар.


Ол - жергілікті халық «Тозақ қақпасы» деп атап кеткен Ербент ауылынан 90 шақырым қашықтықтағы отты жалын шашып жатқан кратер.  


Шоғырланған жерасты газын 1971 жылы қазу және бұрғылау жұмыстары кезінде Кеңес геологтары тапқан. Зерттеушілердің бұрғылау мұнарасы мен басқа да құрылғылары пайда болған шұңқырға түсіп кетеді. Аймақ тұрғындары және малға зияны тимеу үшін геологтар газды жағып жіберу туралы шешімге келеді. Өрт бірнеше күннен кейін сөнеді деп болжам жасаған. Алайда, кратерден шыққан газ жалыны 1971 жылдан бері өшкен емес.



Кратер диаметрі шамамен  60, тереңдігі 20 метрді құрайды. Жер астынан шығып шатқан жалынның биіктігі 10-15 метр биіктікке дейін жетеді.
2013 жылдың қараша айында зерттеу жүргізу мақсатында Канаданың танымал саяхатшысы Джордж Коронис кратерге түсіп, түбінен жоғары температурада өмір сүріп жатқан бактерияларды тапқан.



Қызған кратер түбіндегі кішкентай экожүйедегі мұндай бактериялар Жер бетінде кездеспейді. 

Дереккөзі: kaztv.kaztrk.kz


 
нравится:    2142
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии