Әлем жаңалықтары
23 тамыз 10:33
Трамп 2016 жылғы сайлауда жіберген жалғыз қателігін мойындады


АҚШ Президенті Дональд Трамп  өзінің Твиттер парақшасында демократтар атынан түскен «әділетсіз» кандидат Хиллари Клинтонды жеңіп шыққаны 2016 жылғы сайлауда жіберген жалғыз қателігім болды деп жазды.
 
«Менің жіберген жалғыз қателігім – әділетсіз Хиллари Клинтон мен демократтар жеңіске жетеді деп күткен сайлауда жеңіп шыққаным» («Единственное, что я сделал неправильно — это победил на выборах, которые, как ожидалось, выиграют нечестная Хиллари Клинтон и демократы»), — деп жазды Трамп.

Ол өзінің саяси оппоненттері «бірнеше штатта» сайлау кампаниясын жүргізбегенін атап өтті.

Бұрын атап өткендей, Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн  оның тапсырысын орындау үшін қылмысқа барғанын мәлімдеген болатын. Кейінірек Трамп Коэннің іс-әрекеттері туралы кеш естіп білгенін айтқан еді.


Дереккөзі: gazeta.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика