18 Октябрь
02:13
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
21 қыркүйек 14:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Трамп Африкада жаңа елді ойлап тауып, күлкіге қалды


АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында Африка елдерінің көшбасшыларымен кездесу барысында әлем картасында жоқ жаңа Намбия елін атады, деп хабарлайды The Hill.

«Гвинеяда және Нигерияда сіздер Эбола вирусының таралуына қарсы күрестіңіздер. Намбияның денсаулық сақтау жүйесі неғұрлым толыққанды бола бастады», — деп атап өтті Ақ үй басшысы Африка елдеріндегі денсаулық сақтау жүйесі туралы сөз қозғап. Оның жасаған баяндамасы Ақ үйдің YouTube желісіндегі каналында жарияланды.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ көшбасшысы Намибияны немесе Гамбияны атағысы келген болуы мүмкін.
Трамптың қай елді атағаны кейінірек белгілі болды. Ақ үй жариялаған президент сөзінің мәтінінде «Намбия» «Намибия» деп өзгертілген.

Трамптың Африка елдерінің атауын дұрыс айтпауы бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осыған дейін ол 2016 жылы президенттік кампания кезінде Танзания сөзіне екпінді дұрыс қоя алмаған болатын. 




Дереккөзі: https://lenta.ru
 
нравится:    146
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии