Әлем жаңалықтары
16 шілде 18:04
Трамп екінші мерзімге сайланудан үмітті болып отыр



АҚШ президенті Дональд Трамп екінші мерзімге, яғни 2020 жылы сайлауға түсуге дайын екенін мәлімдеді.

Ол Ұлыбританияға жасаған сапары кезінде британ тілшісі Пирс Морганға берген сұхбатында осылай деді.

Ақ үй басшысы Құрама Штаттардың Демократиялық партиясы өкілдерінің арасында оған ешкім бәсекелес бола алмайтынын алға тартты.

Айта кетейік, 11-17 маусым аралығында жүргізілген әлеуметтік сауалнама мен рейтинг агенттіктерінің дерегіне сүйенсек, Құрама Штаттар азаматтарының 45 пайызы Трамптың саясатына оң баға беріп отыр.

Дереккөзі: www.24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика