22 Ноябрь
19:06
Астана: -3 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
29 наурыз 10:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Трамп НАТО-ға ескірген ұйым деген баға берді
28-03-16-tramp

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп НАТО-ның басыңқы бағытын өзгертіп, оны терроризммен күресін ұйым ету керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Президенттікке талас жарысына түсіп кеткен республикашыл Трамп Солтүстік альянсты өте қымбатқа түсіп отырған ұйым ретінде де атап өтті. Ол НАТО-ның қазір нақты қауіп төндіріп отырған ғаламдық проблемаларға назар аудармай отырғанын сынға алды. Соның ішінде терроризммен күрес ерекше аталды.

«Менің НАТО-ға қатысты айтатын бірнеше мәселем бар. Соның ең біріншісі бұл – әбден ескірген ұйым. Ол бұдан көптеген ондаған жылдар бұрын, біз мүлдем басқа мемлекет болып тұрған кезде құрылған. Сол уақыттағы қауіп те басқа еді. Бұрын сіздерде солдаттар болды, солар арқылы соғысты бастап кеттіңіздер, себебі, жаудың кім екенін білетін едіңіздер. Ал қазір біз жаудың кім екенін де білмейміз», – деп мәлімдеді ол.

Миллиардер сондай-ақ НАТО-ның экономикалық жағының АҚШ үшін өте қымбатқа түсіп отырғанын айтты. АҚШ осы ұйымды ұстап тұру қаржысының өте көп бөлігін өзінің мойнына алып отыр, деді Трамп.

 
нравится:    701
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии