Әлем жаңалықтары
25 қазан 11:16
Трампқа қарай оның аты жазылған Ресей жалаушаларын лақтырды
Оқиға Америка көшбасшысының сенаторлармен кездесуі алдында орын алды.



АҚШ Президенті Дональд Трампқа қарай кезекті рет оның аты жазылған Ресей жалаушаларын лақтырды, деп хабарлайды ABC News.

Оқиға мемлекет басшысының сенаторлармен кездесуі алдындағы түскі асқа дейін орын алған. Трамп Конгресс ғимаратының дәлізімен бір топ журналистің алдынан өтіп бара жатқан кезде белгісіз біреу: «Трамп – бұл опасыздық» деп айқайлап, оған қарай бір қорап жалаушаны лақтырған.

Президент бұған ешқандай мән бермей, ол жерден үнсіз кетіп қалды. Наразылық білдірген тұлғаны сол жерде ғимарат күзетінің қызметкерлері ұстап әкетті.



Естеріңізге сала кетейік, Трампқа қарсы нақ осындай шара бірінші рет орын алып отырған жоқ. Бұған дейін де, 30 сәуір күні Пенсильванияда Трамп өзінің жақтастары алдында сөз сөйлеуі үшін дайындалған мінбердің арасында іс-шараны камераға түсіріп тұрған белгісіз ер адам аспанға бірнеше Ресей жалаушасын лақтырған болатын.
 
24 ақпанда Консервативтік саяси іс-қимылдар конференциясында белгісіз біреулер АҚШ президентінің аты жазылған Ресей жалаушаларын таратқан болатын. Кейіннен  Americans Take Action ("Америкалықтар әрекет ете бастайды") қозғалысы осы наразылық акциясын ұйымдастырушы ретінде өз мойындарына жауапкершілікті алған болатын.

Дереккөзі: http://www.segodnya.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика