|    |  
13 қараша 2019
12:02
қаз
​Туберкулезді емдейтін бірегей дәрі шығарылды
31 наурыз 2017, 18:26 48
Ресейліктер туберкулезге қарсы күшті дәрі ойлап тапты. Дәрі клиникалық сынақтан өткізілген. Енді 2018 жылдан бастап сатылымға шығарылмақ.


 
Мамандар 140 науқасқа осы дәріні ішкізген. Нәтижесінде сырқаттардың 80% емделген. Қазір дәріні дәрі-дәрмектердің мемлекеттік реестріне тіркеп жатыр.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1982 жылы 24-наурызды туберкулезбен күресу күні ретінде бекіткен. Бұған БҰҰ-да қолдау білдірген.
 
Туберкулез адамнан адамға жұғады. Ал оның дамуына дұрыс тамақтанбау, улы заттарды (ішімдік, темекі, есірткі) тұтыну, күйзеліс пен созылмалы аурулар себеп болады.
 
ДДҰ 1993 жылы туберкулезді әлемдік проблема деп жариялады. Сол күннен бастап көптеген фармацевтикалық компаниялар үшін туберкулезге қарсы дәрі-дәрмек өндіру миллиардтаған табыс әкелетін бизнеске айналды.
 
2015 жылы туберкулезге шалдыққан адамдар саны 10,4 миллионға жеткен. Оның ішінде ерлер 5,9 млн, әйелдер 3,5 млн, балалар 1 млн.
 
Туберкулезге шалдығатындардың алпыс пайызын Үндістан, Индонезия, Қытай, Нигерия, Пәкістан мен Оңтүстік  Африка тұрғындары құрайды.
 
Дереккөз: www.vestifinance.ru


Жаңалықтар