Әлем жаңалықтары
11 наурыз 09:58
Туберкулезге шалдыққан мұғалім ауыруды 77 балаға жұқтырды
Туберкулездің ашық формасына шалдыққан мұғалім мектепте балаларға сабақ беріп келген.  Нәтижесінде онымен байланыста болған 77 оқушы құрт ауыруына шалдыққан.



Оқиға Литваның Скуодас қаласында тіркелді. Бірден 77 оқушының түберкулез талшықтарын жұқтыру жағдайын Клайпед қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Римантас-Йонас Пилипавичюстің өзі растап отыр деп жазады DELFI. 

Кейін белгілі болғандай балалар құрт ауыруын туберкулездің ашық формасымен ауыратын мұғалімінен жұқтырған. Мұғалім әйелдің өкпесіндегі өзгерістерді дәрігерлер осыдан бір-екі жыл бұрын анықтаған екен. Алайда ол қатты булығып жөтелсе де, дәрігердің көмегіне жүгінбей селсоқ жүре берген.

Қазіргі кезде мұғаліммен байланыста болған барлық адамдар тексеруден өтіп жатыр.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика