|    |  
15 қараша 2018
09:05
қаз
Түбіне кітап жеткен империялар
08 қараша, 09:44 81


Ацтек империясының қуаттылығы сондай соғысқа 3 000 000 әскер шығаруға күші жеткен. Қарамағындағы тайпаларды уысында ұстаған. Алайда саны мың есе аз жатжерлік, жадап жүдеген испандық 800 - ақ әскерден қалай жеңіліп қалды? Осыншама миллиондаған әскерімен құрттай әскерге қалай шамасы келмеді? 
Себеп бір ғана кітапта болатын. Бір ғана аңыз жазылған кітап. Ацтектер діні бойынша бағзы бір заманда шалқар теңіздің ар жағынан ақ сақалды, мейірімді ақ адам келіп бабаларына жер жыртып егін салуды үйреткен екен. Тәңір тектес сол адам кеме сияқты бір нәрсемен келген жеріне қайта кеткен екен. Табиғатынан көсе(сақал мұртсыз) ацтектер қаба сақал испандықтарды көргенде ескі аңыздағы ақ сақалды Тәңір өз балаларымен қайтып оралған екен деп қалады. Оны ақырзаман келді деп жорамалдап психологиялық түрде рухтары сынып беріле бастайды. испандардың бағына кезінде Тәңір аттанып кеткен жағалауға зәкір тастауы да көмектескен. Испандықтардың дүниеқоңыздығы ғана оларды қолдарына қару алуға мәжбүрлеп, соғысуға итермелеген. Соғыс басталмай жатып ацтектер өз еріктерімен берілген. 

Осылайша қайдағы бір кітаптағы аңыз бүкіл империяның түбіне жеткен. 
Жаңалықтар