20 Август
02:39
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
11 тамыз 12:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Туған қызын пакетке салып, балалар үйіне пошта арқылы жіберген


Қытайдың Фуцзянь провинциясының тұрғыны өзінің туған қызынан құтылмақ болып, оны пластик пакетке салып, курьерлік қызмет арқылы балалар үйіне жібермек болған. Бұл туралы South China Morning Post газетіне сілтеме бере отырып, РИА-Новости хабарлайды.

Басылымның деректері бойынша, курьер өзі қабылдап алған пакеттен жылаған баланың дауысын естігеннен кейін полицияға хабарласқан. Ол құқық қорғау органдарына берген түсініктемесінде, пакетті қабылдап алған кезде оны тексермек болғанын, алайда пакеттің иесі – жас келіншек оның бұл әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салғанын мәлімдеген.

Нәресте жергілікті ауруханаға тексеруге жіберілген, дәрігерлердің мәлімдемесі бойынша, ол бірнеше күн бұрын ғана дүниеге келген, қазір оның денсаулығы бірқалыпты.

Дереккөзі: РИА-Новости
 
нравится:    540
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии