23 Октябрь
23:05
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Әлем жаңалықтары
18 қараша 16:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Туған сәбиін аяусыз ұрған әйел Қазақстанға ақша табу үшін келген - ВИДЕО


Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов парламенттік тыңдаулардан кейін Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында аталған қатыгез ана - Өзбекстан азаматшасы Қазақстандағы базарлардың бірінде жұмыс істегенін мәлімдеді.

Бір апта бұрын әлеуметтік желілерде емізулі сәбиін соққыға жығып жатқан әйел түсірілген бейне пайда болып, бейнематериал Қазақстанда үлкен қоғамдық шу туғызғаны естеріңізде болар.

Шақалақты аяусыз қатыгездікпен ұрып-соққан әйел Өзбекстан азаматшасы болып шыққанын осыдан бірер күн бұрын ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев хабарлаған болатын. 

Министр Қ.Қасымовтың мәлімдеуінше, баланы ұрып-соғу осы жылдың жазында болған және "ол Өзбекстан азаматшасы, осында келіп, базарда жұмыс істеп, кетіп қалған. Ол сол жақта (Өзбекстанда) тұрады". 

Бұрын ҚР ІІМ хабарлағандай, әйел көрші ел аумағында анықталып, одан жауап алынды. Оған емізулі балаға қатыгездік танытты деген күдік келтірілді. Ол жасаған әрекетерін толық мойындады. Сондай-ақ, әйелге қатысты мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп, Қазақстан Республикасының көші қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр. 




Дереккөзі: sputniknews.kz материалдары негізінде
 
нравится:    1484
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии