24 Август
12:33
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
5 қазан 11:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тұмау мен суық тиюден дәрісіз арылудың, ауырмаудың 5 тәсілі

Күз келіп, күннің салқындығы сезілсе болды, тұмау мен суық тиюдің көбейетіні белгілі. Ондай кезде ағзаға зиян келтіретін антибиотиктер мен дәрілерсіз қалай айығуға болады, тұмау мен суық тиюдің алдын алудың жолдары қандай?

1. Антибиотик, бактериялар мен вирустарды өлтіру.

Сарымсақ пен пияз. Бұларды күн сайын тағамға қосып жеген дұрыс, бірақ иісі шығаты дейтіндер сығып, шырынын өсімдік майымен араластырып мұрынға жақса болады. Сарымсақтың шырынын балмен (1:1) араластырып күніне 2 рет 1-2 шай қасықтан ішу керек. 3-4 тіс сарымсақты суда 15 минут қайнатып буына демалу қажет (ингаляция).

2. Антисептик, қанайналым мен зат алмасуды жақсарту.

Шай. Қара шайға бал мен лимон қосып ішу. Неғұрлым көп ішсеңіз, соғұрлым жақсы.

3. Ыстықты түсіру.

Бүлдірген. Жаңа піскен бүлдірген (100г.) немесе тосабының 1-2 қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, 15 минуттан соң ішу қажет.

4. Иммунитетті қалпына келтіру.

Сүт. 1 литр сүтке 4-5 ас қасық бал, қыша, хошиісті бұрыш, лавр жапырағын салып, қайнаған кезде өшіріп, 5 минуттан соң ішу керек.

5. Таза ауа. Бөлменің ауасын жиі тазартып тұру.

asylsoz.kz
нравится:    1180
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии