13 Декабрь
07:39
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
1 сәуір 09:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тұңғыш рет АИТВ жұқтырған адам донор болды
Америка дәрігерлері ВИЧ дертімен және иммун тапшылығымен ауыратын донордың бауырын ота жасап, науқасқа ауыстырды деп хабарлайды Би-Би-Си.



Бұл 30 жылдан бері ВИЧ дертімен ауыратын донорлардың мүшесін ауыстыруға тыйым салынғаннан бері жасалған алғашқы ота.

Отаны Джон Хопкинс ауруханасының дәрігерлері Балтиморда осыдан екі апта бұрын жасады. Сондай-ақ, сол донордың бүйрегін де тағы бір науқасқа ауыстырды. Қазір науқастың бірі ауруханадан жазылып шыққан. Екі науқас та өздерін жақсы сезінеді.

ВИЧ дертімен ауыратын донорлардың мүшесін ауыстыру отасы бұған дейін Британияда, Оңтүстік Америка Республикасында жасалып келген. Ал, АҚШ-та 2013 жылға дейін мұндай отаны жасауға тыйым салынып келді.
нравится:    753
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии