|    |  
16 қараша 2018
12:26
қаз
​Тұңғышбай Жаманқұлов Елбасынан араша сұрады (ВИДЕО)
08 қараша, 10:57 3060

 

Төмендегі видео кеше youtube желісінде жарияланды. Видеоға қоса берілген түсініктемеде: «Бұл видео 2016 жылдың 17-қазанында, Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталардан бір апта бұрын түсірілген. Бүгінгі күнге дейін Тұңғышбай Қадырұлының қалауы бойынша жарияланған жоқ. Ол кісі құқық қорғау органдарының «Феникс» фильміне бөлінген ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша істі әділ тергейтініне үміттенді. Бірақ Тұңғышбай Жаманқұловтың 69 млн теңгені ұрлағаны дәлелденбей, ушығып тұрған жағдайды ескеріп осы видеоны жариялау туралы шешім қабылданды»-деп жазылған.
 
Видеода актер мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен бас араздығының болғанын, фильмге бөлінген қаражатты «Қазақ елі» сериалына аударып жібергенін, Талғат Жәнібековтің шалыс басып, министрді айыптап ағат қылық жасағанын, өзінің Еңлік Сыдықованы қорғап, журналиске видео сұхбат бергенін, Арыстанбек Мұхамедиұлымен түсінісу үшін Астанада кездескенін, кешірім сұрағанын мойындай отырып, бірақ мәдениет министрінің мәміледен бас тартқанын, «бала-шағаң қаңғырып қалады» деп қоқан-лоққы көрсеткенін, қисынсыз айып тағып, талап қойғанын айтқан.

Сөз соңында актер Елбасыдан өзін қорғауын сұраған. Қабылдауын өтініп, көзбе-көз кездесуге ниетті екенін де жеткізген.  

Жаңалықтар