|    |  
20 тамыз 2019
12:31
қаз
​Тұңғышын жоғалтқан Индира Расылхан егіздерінің дүниеге қалай келгені жайлы айтты
06 тамыз 2019, 12:24 302
Танымал әнші Индира Расылхан желідегі парақшасында аурушаң балалары бар аналарға арнап жазба салды. Ол өз басынан өткен жайды жазған. Әншінің осыдан 20 жыл бұрын тұла бойы тұңғышы шетінеп кеткен. Кейін араға бір жарым жыл салып егіз қыздары туған.


 
«1998 жылы 1 шілде күні ең алғаш Ана атанған күнім еді. Шапағат атты қызымды дүниеге әкелдім. Туылғанда дені сау, сүп-сүйкімді қыз- ақ болды. Дәрігерлер денсаулығында ешқандай да нұқсан келетіндей қауіптің жоқ екендігін айтқан болатын. Бірақ белирубин деген қанында көп болғаны жайлы бейхабар болдым. Перзентханадан шыққанда өте көп дәрілер жазып берді. Бірақ маған баланың хәлі осылай- осылай демеді. Мен ол кезде жаспын, ештеңені де білмеймін ғой. Тараз қаласында тұрамыз. Қызымның бес айлығынан бастап қана, бұл қыздың денсаулығы жақсы емес екендігін сездім. Кеш дами бастады. Дәрігерлерге апарғанымда балаңыз жақсы деп шығарып салып жүрді. Ай сайынғы екпемізді алып жүрдік.  9 ай дегенде қызымның хәлі нашарлай бастады. Тыныс алуы біртүрлі болды. Дәрігерге тағы да апарғанымда, бәрі жақсы уайымдамаңыз деп шығарып салды. Сөйтсем, менің көңіліме келмейтін жағдайды айтқысы келмегеннен бе екен деп те ойлаймын. Аяғым ауыр кезде үнемі қорқатынмын. Үнемі жылай беретінмін. Үнемі ойыма тыныштық бермейтінмін. Өмірімнің быт - шыты шыққан кезі сияқты көрінетін. Баланы дүниеге әкелгенде сау бала туыла ма екен, деген қорқыныш билейтін де тұратын. Осы қорқынышыма орай Алла маған сондай қыз берді. Жасы бірге келгенде, мен Алладан дұға етіп сұрадым, "Егер де осы қызға бұл өмірде аяғына тұрып кететіндей денсаулық берсең, өмірін ұзақ ет, егер де денсаулығы жақсаратындай болмаса, ахиретте менің алдымнан шапағатшы ет" деп тіледім. Шынында да қайбір Ана баласын өлімге қисын, бірақ баланың қиналмай кетуіне мен осылай етуге мәжбүр болдым. Көп ұзамай екі айдан соң Алланың қалауымен қызымды бұл өмірден алып кетті. Сол кезде иманымның мықты болғандығы соншалықты, жыласам да Алладан сұрай бердім, "хайырлысын бер, өзің бердің, өзіңе қайтарылды" деп. Сабырлығымның арқасында құламай, ол кезеңнен де өттім. Бір жыл сегіз ай өткен соң, Алла мені егіз қыздармен сүйіншіледі. Құрсағыма біткенін де сезбей қалғанмын ғой. Дәрігерге УЗИ- ге барсам, егіз деп айтқанда, жатып алып жылағанымды көрсеңіз ғой. Жылағанда да Аллаға шүкіршілігімді айтып жыладым. Анамның да қуанғаны соншалықты, көзіне жас алып тұрып, " Бүгін түсімде көріп едім, екі қолыңда, екі пакетте толы шокаладпен үйге қарай келе жатқаныңды" деп құшақтай алды. Анамның қолында өссе де менен алыстамады. Қазір қыздарымның жасы 18 ден асты. Құрсағымда болғанда, ешқандай мәселені ойламадым да, көңілімді түсірмеуге тырысып бақтым. Ойымда тек қана аман есен, дені сау балаларды дүниеге әкелсем екен дедім. Қазір менің қос қанатым, менің ақылшыларым. Айтпағым: Бір қиындықты сабырлықпен жеңе білсеңіздер, Алла артынан міндетті түрде сүйіншілейтіні анық. Осыған сеніңіздер. Және де қайбір мәселе болса да, Алламен сырласа біліңіздер. Сіз басқа біреуге айтқаннан, Аллаға айтқан әлдеқайда жеңілірек және де жауабы тез табылады»-деп жан сырымен бөліскен.
 

Бұл постты ауру балалары бар Аналарға арнаймын. 1998 жылы 1 шілде күні ең алғаш Ана атанған күнім еді.???? Шапағат атты қызымды дүниеге әкелдім. Туылғанда дені сау, сүп-сүйкімді қыз- ақ болды. ????Дәрігерлер денсаулығында ешқандай да нұқсан келетіндей қауіптің жоқ екендігін айтқан болатын. ????‍♀️Бірақ белирубин деген қанында көп болғаны жайлы бейхабар болдым. ????????‍♀️Перзентханадан шыққанда өте көп дәрілер жазып берді. ???? Бірақ маған баланың хәлі осылай- осылай демеді. ????Мен ол кезде жаспын, ештеңені де білмеймін ғой. ????‍♀️Тараз қаласында тұрамыз. Қызымның бес айлығынан бастап қана, бұл қыздың денсаулығы жақсы емес екендігін сездім. ???? Умственное и физическое отставание. ???? Кеш дами бастады. Дәрігерлерге апарғанымда балаңыз жақсы деп шығарып салып жүрді.????????‍♀️ Ай сайынғы привывкамызды алып жүрдік. 9 ай дегенде қызымның хәлі нашарлай бастады. Тыныс алуы біртүрлі болды. Дәрігерге ????‍????тағы да апарғанымда, бәрі жақсы уайымдамаңыз деп шығарып салды. Сөйтсем, менің көңіліме келмейтін жағдайды айтқысы келмегеннен бе екен деп те ойлаймын. ???? Подробно бәрін де жазғым келіп отырған жоқ шынымды айтайын. Өзімді жайсыз көңіл күйге түсіргім келмегеннен және де өкініш деген тағы да бар. Неге былай жасамадым, неге басқа да дәрігерлерге апармадым дегендей ой да кетіп қалады. Ондай ойдан аулақпын. Бәрі де Алланың қалауы ғой. ☝️ Осы орайда маған расында да Алла ол қызды ниетіме және менің қорқынышыма қарай солай етіп берген ау?! ????‍♀️ Аяғым ауыр кезде үнемі қорқатынмын. ????Үнемі жылай беретінмін. ???? Үнемі ойыма тыныштық бермейтінмін. ???? Өмірімнің быт - шыты шыққан кезі сияқты көрінетін. ???? Баланы дүниеге әкелгенде сау бала туыла ма екен, деген қорқыныш билейтін де тұратын. ???? Осы қорқынышыма орай Алла маған сондай қыз берді. ???? Жасы бірге келгенде, мен Алладан дұға етіп сұрадым, ???? "Егер де осы қызға бұл өмірде аяғына тұрып кететіндей денсаулық берсең, өмірін ұзақ ет, егер де денсаулығы жақсаратындай болмаса, ахиретте менің алдымнан шапағатшы ет" деп тіледім. Шынында да қайбір Ана баласын өлімге қисын, бірақ баланың қиналмай кетуіне мен осылай етуге мәжбүр болдым. ???? Жалғасы келесі постта.

Публикация от INDIRA RASYLKHAN (@indirarasylkhan)

Алдыңғы күнгі посттың жалғасы... Көп ұзамай екі айдан соң ,Алланың қалауымен қызымды бұл өмірден алып кетті. ???????????? Сол кезде иманымның мықты болғандығы соншалықты, жыласам да Алладан сұрай бердім, ????"хайырлысын бер, өзің бердің, өзіңе қайтарылды" деп. Сабырлығымның арқасында құламай, ол кезеңнен де өттім. ???????? Бір жыл сегіз ай өткен соң, Алла мені егіз қыздармен сүйіншіледі. ????Құрсағыма біткенін де сезбей қалғанмын ғой. Дәрігерге УЗИ- ге барсам,????‍????егіз ????????????????деп айтқандаааааааа, жатып алып жылағанымды көрсеңіз ғой. ????????????Жылағанда да Аллаға шүкіршілігімді айтып жыладым. ???? Анамның да қуанғаны соншалықты, көзіне жас алып тұрып, " Бүгін түсімде көріп едім, екі қолыңда, екі пакетте толы шокаладпен үйге қарай келе жатқаныңды" деп құшақтай алды. Анамның қолында өссе де менен алыстамады. Қазір қыздарымның жасы 18 ден асты. ????????‍???????? Құрсағымда болғанда, ешқандай мәселені ойламадым да, көңілімді түсірмеуге тырысып бақтым. Ойымда тек қана аман есен, дені сау балаларды дүниеге әкелсем екен дедім. Қазір менің қос қанатым, менің ақылшыларым. ???? Айтпағым: Бір қиындықты сабырлықпен жеңе білсеңіздер, Алла артынан міндетті түрде сүйіншілейтіні анық. ☝️Осыған сеніңіздер. ???? Және де қайбір мәселе болса да, Алламен сырласа біліңіздер. Сіз басқа біреуге айтқаннан, Аллаға айтқан әлдеқайда жеңілірек және де жауабы тез табылады.☝️

Публикация от INDIRA RASYLKHAN (@indirarasylkhan)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар