19 Октябрь
13:21
Астана: 4 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Мәдениет
22 маусым 15:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

"Тұран" этно-фольклорлық ансамблінің кезекті концерті Нью-Йорк қаласында өтеді


Ата-бабадан қалған игі мұраны сақтап, қазақ халқының ертеден бері келе жатқан төл дәстүрін терең меңгеріп, ұмыт бола бастаған ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ер түріктің күй-жырын орындап, жаңғыртып жүрген бірегей топ - «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі мұхит асып, Нью-Йорк қаласына аттанды. 

Осыдан біраз бұрын топ Непалдың Катманду қаласында өткен фестивальға қатысып, қазақтың атын тағы да бір рет әлемге паш еткен болатын.

«Тұран» - қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заман ұрпағының талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді. Отыздан астам қазақ халқының ұлттық аспаптары болса, музыканттардың әрқайсысы солардың бірнешеуінде ойнауды меңгерген. Солардың ішінде, сыбызғы, сазсырнай, домбыра, жетіген, қылқобыз, шаңқобыз, шертер, шіңкілдек.

Бұл ұжым «Қазақстанның мәдени мұрасы» ұлттық бағдарламасына белсене қатысып, қазақ өнерін бүкіл әлемге танытып келеді. «Тұран» тобының мүшелері: Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Қорлан Картенбаева, Бауыржан Бекмұханбетов және Арықбаев Абзал.



"Тұран" ансамблі - "Ақсақ құлан"



"Тұран" ансамблі - "Ер Тұран"



"Тұран" ансамблі - "Қазақ елі"
нравится:    1616
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии