20 Октябрь
09:28
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
18 шілде 17:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Тургеневке бар ғаламды ұмыттырған Полина Виардо кім еді?

 
Бұл әйелді көзі тірісінде көпшілік қатерлі шаянға теңеген. Ол қандай адам болған? Жұртшылық сипаттағандай үнемі суық, бақай есепті, сезіммен ойнайтын сұлу болған ба?
 
Полина Виардо (1821-1910 жж.) – испан-француз әншісі, вокалдан дәріс берген педагог әрі композитор. Бірнеше тілді меңгерген. Дауысының кейбір кемшіліктеріне қарамастан, зор талант иесі болған. Әйгілі француз композиторы Камиль Сен-Санс Полинаның дауысы туралы: «Оның дауысы барқыт та емес, сыңғырлаған таза дауыс та емес, померанец (хош иісті ашқылтым жеміс) сияқты ащы болатын»-деп дәл сипаттамасын берген. Танымал болғаны соншалық, француз жазушысы Жорж Санд оны өзінің «Консуэло» атты романындағы бас кейіпкердің прототипі еткен.
 
Атақты жазушы Иван Тургенев осы әйелге ес-түссіз ғашық болған деседі.  Лев Толстой бұл махаббат туралы: «Ол өте аянышты. Ол моральдық тұрғыдан азап шегуде. Ол мұнша қатты ғашық болады деп ешқашан ойламаппын...»-деп жазған.
 
1843 жылдың күзінде Санкт-Петербургке Италияның опера әншілері гастрольдік сапармен келеді. Олардың арасында кескін-келбеті кесек пішілген, бүкірлеу келген жас талант Полина Виардо бар-тын. Ал Иван Тургенев кешті тамашалауға келеді. Осы кездесуден бастап Тургеневтің бұған дейінгі өміріне мүлде ұқсамайтын басқа өмірі басталады. Ессіз ғашық болған жазушы таңдауы түскен әйелдің тұрмыста екенін де ұмытады.
 
Тіпті Полинаның жолдасы, белгілі сыншы, композитор әрі өнертанушы Луи Виардомен де танысып, достасады. Ал, әйелінен 21 жас үлкен Луи мырза болса жұбайы Полинаның кезекті қылмыңына назар да аудармаған көрінеді. Полина Виардо өзге де танымал тұлғалармен араласқан. Көңіл жарастырған нақсүйерлері де аз болмаған. Полинаның карьера жолында көтерілуіне күш салған да Луидің өзі. Тіпті онымен бірге Тургеневтің шығармаларын француз тіліне аударған.
 

 
1845 жылы Тургенев Ресейді, отбасын, туған-туысы мен достарын тастап Полинасына кетеді. Оны өле-өлгенше құрметтеп, оның төрт баласын өз баласындай қабылдайды. Ал Полина болса өз кезегінде жазушының сыншысына айналады.
 
Тургенев өзінің Полинаға жазған хатында: «Мен бүгін жеті жыл бұрын сізбен сөйлесу бақыты бұйырған  үйге бардым. Ол үй Невскіде, Александрия театрына қарсы тұр. Сіздің пәтеріңіз ең шетінде, бұрышта. Есіңізде ме? Менің бар ғұмырымда сізге қатысты естеліктерден құнды естеліктер жоқ... осы байлыққа ие болғаннан бері мен өзімді сыйлайтын болдым... ал енді сіздің аяғыңызға жығылуға мүмкіндік беріңіз»-деп жазады.
 
 Бұрын Тургенев пен Полинаның қарым-қатынасы құр ынтызарлық деп бағаланған еді. Кейін басқа фактілер қосымша деректердің басын ашты. Бірақ Полина Тургенев қайтыс болғаннан кейін барлық хаттарды жойған. Полина Виардоның ұлы Поляның шын әкесі Иван Тургенев деген дерек бар. 1856 жылы Тургенев Полинаға Куртанвельге барады. Осыдан кейін тоғыз айдан соң Полина Виардо дүниеге ұл әкеледі. Осы кездері Тургенев өзінің достарына «Мен қандай бақыттымын»-деп жазған.
 
 
Кейбір зерттеушілер Поляның әкесі Полинаның тағы бір көңілдесі, суретші Ари Шеффер, тіпті ханзада Баденский болуы мүмкін дегенді де айтады. Бірақ заңды күйеуі Луи Виардоны ешкім атаған емес.
 
Тургенев Полинасыз жеке өмірін құрмақ болып та көреді. Бірақ бұл талпынысы тек бейкүнә қыздардың басын қатырумен аяқтала береді. 1854 жылы туысқанының қызына, одан кейін Мария Савинаға, Лев Толстойдың қарындасы Марияға көңіл білдіріп, сөз салады. Толстойдың қарындасы Мария Тургенев үшін күйеуімен де ажырасқан. Бұл ол кезде ел естімеген оқиға болатын. Ал Тургенев болса бұл оқиғаны естігеннен кейін-ақ Марияның өмірінен алыстайды.
 
Бұл уақытта Тургеневтің әке-шешесінің үйінде некесіз туған Пелагея есімді қызы өсіп жатыр еді. Бұл туралы білген Полина Тургеневтің қызын тәрбиелеуге алады. Тургенев қызының есімін Полинет деп өзгертіп, Виардоның үйіне әкеледі. Бірақ қызы сол күйі әкесі тауып берген анасын қабылдамаған.
 


Ерлі-зайыпты Виардолардың отбасы, олардың балалары, Полинадан өзге ешкімді елемеген Тургенев пен оның қызы – қоғамда талай-талай әңгімеге арқау болады.
 
Полина Виардоның өзі: «Тургенев бірде-бір шығармасан маған көрсетпей баспаға бермеген»-дейтін. 1883 жылдың 3 қыркүйегінде Тургенев қартайған сүйіктісі Полинаның қолында обырдан қайтыс болады. Полина одан кейін 27 жыл өмір сүрген. Оның өлімінен кейін жазушының «Тургенев. Өнерге арналған ғұмыр» атты қолжазбасы табылған. Осы туындыда Тургенев пен Полинаның қарым-қатынасына қатысты талай құпия жазылғаны айтылады. Бірақ қолжазба жоғалып кеткен. 
нравится:    585
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии