18 Август
11:16
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
31 шілде 09:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» құжат жинау үрдісін жеңілдетті
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін сүйінші жаңалық. Бұдан былай несие алу үшін апталап жүрмей, құжаттарды екі күннің ішінде жинап беретін мүмкіндік туды, деп хабарлады  www.24.kz. 



Өйткені банк клиенттің мекенжай, жылжымайтын мүлік туралы анықтамалары мен неке куәліктерін мемлекеттік деректер қорынан өзі-ақ ала алады. Ал құжаттар дайын болғанда,SMS хабарлама арқылы несие алушыға хабар береді. Бұл - банктің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамдығымен бірлесіп жасаған жұмысы.

 «Банктің ақпараттық жүйесі электрондық үкіметпен интеграциясы арқылы қолжетімді болды. Банк клиенттің деректерін өзі ала алмайды. Тек қана клиент рұқсат берген жағдайда. Сол рұқсатты өте ыңғайлы электрондық, SMS бойынша және Үкімет порталында беруге болады», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Бүгінге дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспана аламын деген 90 мың адамға несие беріпті. «Ал ағымдағы жылдың 7 айында ғана қазақстандықтарға 90 млрд. теңге көлемінде қаржы бердік», - дейді басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
нравится:    1549
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Жадра2015-07-31 19:02:53
    Бул женылдык кай калада болыб жатыр