Экономика
22 тамыз 16:13
Тұрғын үй нарығында жалдамалы пәтерлерге балама табылды

 
Астана қаласының тұрғын үй нарығында жаңа қызмет түрі пайда болды. Әдеттегі жалдамалы пәтерлердің орнына қонақүйлердегі нөмірлер ұсынылуда. Қонақүй бөлмелері жалдамалы пәтерлерді толықтай алмастыра алатыны анықталып отыр. Қонақүй бөлмесін жалға алу бір адамға 80 мың болса, екі адамға 100 мың теңге. Бұл сомаға WI-FI, кабельді телеарна, телефон байланысы, коммуналдық қызмет, кондиционер кіреді. Сондай-ақ бөлмені аптасына бір рет тегін жинайды, төсек-орынды айына бір рет ауыстырады. Таңғы ас бұл сомаға кірмейді. Қажет болған жағдайда ақысы бөлек төленеді.
 
Қонақүй Алматы ауданында орналасқан. Бұл аудандағы бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу құны коммуналдық қызметтердің ақысын қоспағанда 90 мың теңге екенін ескерсек, қонақүй нөмірі арзанға түседі.
 
 Дереккөз: news.mail.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика