20 Август
15:49
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
12 маусым 09:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тұрғын үй саудасы құлдырауда
Тұрғын үй нарығындағы ахуалмен таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті баспана бағасы арзандағанымен, елімізде тұрғын үй сатып алатындар мен сататындар саны күрт азайғанын алға тартуда.
Ведосмтвоның баспасөз қызметінің таратқан мәліметке сүйенсек, 2015 жылы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 12 342 болған. Бұл көрсеткіш сәуір айымен салыстырғанда 19,8 пайызға төмен. 2015 жылдың сәуір айында баспана саудасы бойынша тіркелген мәмілелердің саны 15 397 болған еді, бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 33,4 пайызға артық болатын.



Мамыр айында тұрғын үй саудасынан жолы болған өңірлерге 1 374 мәміле жасаған Қарағанды облысы, 1 350 пәтер сатылған Астана қаласы, 1 161 мәміле жасаған Шығыс Қазақстан және әрқайсысы 1 075 баспанадан саудалаған Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары, Алматы қаласы жатады.
Тұрғын үй нарығындағы бағаға келер болсақ, баспана құнының аз да болса төмендеуі байқалады. Мамыр айында сәуірмен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,4 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,1 пайызға арзандаған. Есесіне, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 0,3 пайызға өсті.

Дереккөзі: turkystan.kz
 
нравится:    742
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии