|    |  
27 наурыз 2019
05:45
қаз
Түрік пиццасы - Лахмаджун
06 наурыз 2019, 17:10 58


Қамырына: 

[????]  Ұн -3-4 стақан 
[????]  Су (жылы) - 1 стақан 
[????]  Сұйық май - 2 ас қасық 
[????]  Ашытқы - 1 шай қасық 
[????]  Қант - 1 шай қасық 
[????]  Тұз -1 аса қасық 

Салмасы: 

[????]  Фарш - 250 гр 
[????]  Пияз - 1 дана 
[????]  Томат пастасы -1 ас қасық 
[????]  Тәтті бұрыш(жасыл, қызыл) - 1 данадан 
[????]  Сарымсақ - 2-3 дана 
[????]  Қызанақ(помидор) 1- 2 дана 
[????]  Қара бұрыш 
[????]  Тұз 

Піскеннен кейін қосып жеуге және әсемдеу үшін: 

[????]  Аскөк 
[????]  Ақжелкен 
[????]  Пияз 
[????]  Лимон 
[????]  Қызанақ 

Дайындалуы: 

1)Ұнға, ашытқы, тұз, қант, май су құйып, қамыр илейміз 
2)фаршқа пиязды, тәтті бұрыштарды, сарымсақты, қызынақты ұсақтап турап, томат, тұз, бұрыш салып, араластырамыз 
3)Қамырымызды 3-4 бөлікке бөліп, жұқа қылып жаямыз 
4)Қалыпқа (противень) пергамент төсейміз, қамырды Қалыпқа жайғастырамыз, қамырымыздың үстіне фаршымызды салып, жайғастырамыз 

200C-та қызарғанша пісіреміз 
Піскен лахмаджунды екіге бөліп үстіне 
Пиязды жұқалап турап, аскөк, ақжелкенімізді турап, қызанақты жартылай дөңгелектеп тураймыз үстіне лимон сығып жейміз, дәмі мммммм керемет!!! 

АС БОЛСЫН! 

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар