21 Август
06:55
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
13 қаңтар 09:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түрікменстандағы айырбас бекеттері доллар сатуды тоқтатты
Түрікменстандағы айырбас бекеттері доллар сатуды тоқтатты
13-01-16-manat-1

Сейсенбі, 12 қаңтар күні Түрікменстанның айырбас бекеттері Орталық банктің өкіміне сілтеме жасай отырып, шетел валюталарын сатуды тоқтатты. Бұл туралы «Гундогар» хабарлады.

Осыдан кейін манаттың жаңа девальвациясынан қорыққан тұрғындар доллардың «қара базардағы» құнын күрт арттырып жіберді. Рейтер агенттігінің тілшілері аралап көрген екі айырбас бекетінің кассирлері Орталық банктің бұйрығы бойынша өздерінің енді тек шетел валютасын сатып ала алатындарын, бірақ сата алмайтындарын айтқан.

Түрікменстанның орталық банкі бұл мәселеге орай ешқандай ресми құжат жариялаған жоқ немесе веб-сайтта түсіндірме берген емес.

Ашхабадта соңғы айларда айырбас бекеттері алдынан сақтық жинақ қорларындағы ақшаларын доллар мен еуроға айырбастау үшін ұзын-шұбақ кезектерге тұрған түрікмендерді күн сайын көруге болатын еді. Олар мұны ұлттық валютаның тағы да девальвацияға ұшырап қалуынан сақтанғандықтан жасады.

Өткен жылғы желтоқсанның басында ортаазиялық бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне шетел валюталарын сатып алуға тыйым салынған болатын. Ал қазан айында елде долларды сатып алуға шек қойылды. Атап айтқанда, бір адам жылына 8 мың доллардан артық ақшаны айырбастай алмайтын болды.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    764
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии