|    |  
24 қазан 2019
04:15
қаз
Турист ұшаққа билетсіз, құжатсыз кіріп кеткен
08 қазан 2019, 18:10 34
Турист келіншек америкалық Delta әуе компаниясының ұшағына құжатсыз, билетсіз кіріп кеткен.


 
Оқиға Орландодан Атлантаға бағыт алған ұшақта болған. Басқа жолаушы ұшаққа кіргенде оның орнында сол келіншек отырған. Жолаушы өз билетін көрсеткенде келіншек орынды босатудан бас тартқан. Сол кезде ер адам стюардессаны шақырған. Стюардесса келіншектен жеке куәлігін көрсетуді талап еткенде келіншек бас тартқан.
 
Соңында экипаж мүшелері келіншекті ұшақтан қуып шыққан. Содан кейін қауіпсіздік қызметкерлері барлық жолаушылардың сөмкелерін тексеріп шыққан. Келіншектің ұшаққа қалай кіріп кеткені белгісіз.

Дереккөз: Lenta.ru


Жаңалықтар