21 Август
10:38
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
8 ақпан 16:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Туристер үшін Еуропадағы ең арзан қалалар тізімі белгілі болды


Trivago туристік сервисі Еуропадағы ең арзан қалалар тізімін анықтады, деп жазады lenta.ru.

Сонымен, ең арзан қалалар тізімінде Варна (Болгария) қаласы көш бастап тұр. 2015 жылы мұндағы қонақ үй үшін туристер тәулігіне 54 доллар жұмсаған. Екінші орында Мальта мемлекеті. Мұндағы Буджибба қаласында туристер тұратын орын үшін тәулігіне 71,5 доллар төлеген. Арзан қалалардың үштігіне Болгарлық Күнді жағалауы енді ($74,5).

Ал  бюджет жағынан аса шығын болмайтын қалалар тізіміне алғашқы болып София (Болгария) қаласы енді. Бұл жерде 2015 жылы бір күн тұру құны 67 долларды құрайды. Екінші орында  — Скопье (Македония). Скопьеде туристер қонақ үйге 70 доллар берсе болады. Ал үшінші орында Босниядағы Сараево және Герцеговине қалалары($74).

Мoya-planeta.ru сайтының жазуынша, Еуропадағы ең қымбат қала Лондон (қонақ үйде тәулігіне — 267 ), одан кейін   Берн (Швейцария, $219) және Париж ($196) қалалары тұр.

Ал туристер үшін аса қымбатқа түспейтін қалалардың бірі Грекия елінде орналасқан. Елдегі Салоник қаласында  2015 жылы қонақ үйді бір тәулікке жалдау құны 83 долларды құрады.

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    844
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии