19 Август
07:40
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
2 қыркүйек 14:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Туристің балмұздағын тартып алған шағала Интернеттің жұлдызына айналды

Британдық Брайтон қаласындағы жағажайда қарны ашқан шағала серуендеп жүрген студент қыздың балмұздағына таласамын деп, әлеуметтік желінің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Baq.kz.

Шағаланың шабуылына тап болған Рединг университетінің 23 жастағы студенті Тара Далинтара демалыс күндері екі досымен жағажайға серуендеуге шығады. Студент қыз теңіз өнімдерінен дәм татып, десертке көше бергенінде үлкен шағаланың шабуылына тап болады. Алып құс екі қолы бос емес туристің әлсіздігін сезді ме екен, қолындағы балмұздағының жартысын жапырып кетеді.

Далинтара жеке Instagram-аккаунтында балмұздақтың сәтті шыққан суретімен қатар, шағаланың шатақ шығарған суретін қатар жариялады. Қыз баланың сол күні балмұздаққа деген тәбеті мүлде құрып кетсе керек, достарының ұсынған балмұздағынан да бас тарттқан. Десе де, шағаланың балмұздақ жеген суреті әлеуметтік желіде күн сайын бедел жинап келеді. Тіпті, оның иесін әлемге танымал етті деуге болады.
нравится:    737
Теги: Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии