Туризм
27 желтоқсан 09:48
Туристің кесірінен піл гидті таптап тастады
Тайландтың Чонбури провинциясында оқыс оқиға болды.


 
Қыдырып келген туристер 17 жасар піл Паямен суретке түсіп жатып, жануарды құйрығынан тартып қалған. Фотосессия кезінде пілдің үстінде екі бойжеткен отырған.
 
Біреу құйрығынан тартып қалған соң піл үстіндегі екі қызды лақтырып тастап, шабуыл жасай жөнелген. Осы кезде туристерді бастап жүрген гид жануарды тоқтатпақ болған. Сол кезде піл гидті таптап өлтіріп тастаған.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Пілді құйрығынан тартқан туристің жазаға тартылатыны я тартылмайтыны әлі белгісіз.

Дереккөз: https://life.ru/

Комментарии




Яндекс.Метрика