17 Август
23:33
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
30 маусым 18:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түркістанда полицейлерге қол жұмсаған әйел тұтқындалды
Түркістан тұрғыны полицейге қол көтергені үшін тұтқындалды.ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 жастағы әйелге қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылуда, 38-бап (билік өкіліне қарсы күш қолдану), 378-бап «билік өкіліне тіл тигізу» және 379-бап «билік өкіліне бағынбау».



Полицейге қол жұмсаған Түркістан тұрғыны ғаламтордағы әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысына түсуде. Кешқұрым Түркістан көшелерінің бірінен жол патрулі «Ауди» көлігінің  «көлік қоюға тыйым салынған» деген белгіде тоқтап тұрғанын байқап қалады. Тәртіп сақшысы 1986 жылы туылған жүргізушіге жүргізушілік куәлігі мен көлік құжатын көрсетуді сұрайды, бірақ заң бұзушы бас тартады. Содан кейін полицей жүргізушіден көліктен шығып, әкімшілік хаттама толтыру үшін қызмет орнына бірге баруын талап етеді.
Хаттама толтырып жатқан кезде полцейлерге 27 жастағы оның жұбайы келіп жолдасын босатуды талап еткен. Әйел аузына келгенін айтып, полицейлерді балағаттап, бір полицейдің погонын жұлып алып, оған жеңіл дене жарақаттарын келтірді. Оған болысқан әйелдің 25 жастағы інісі   тәртіп сақшыларына тіл тигізіп, істі одан әрі ушықтырды.
Ақыр соңында,  оқиға үш полицейді Түркістанның ІІБ ауруханасына жеткізумен аяқталды. Әйел 6 айлық мерзімде жүкті екенін мәлімдеген. Алайда медициналық куәландырудан өтуден бас тартты, кейіннен жүкті екендігі туралы жалған ақпарат бергенін мойындады.
Қазіргі уақытта әйел тұтқынға алынды. Екі ер адам елден сыртқа шықпау туралы қолхатпен жіберілді. Жыл басынан бастап ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлерге қарсыласқан 187 факті тіркелді, 131 қылмыстық іс сотқа жіберілді.


Дереккөзі: ҚАЗАҚПАРАТ
 
нравится:    1169
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии