21 Август
08:52
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
15 қыркүйек 09:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түркияда 111 жастағы қария Құрбан айтты 110 немересінің ортасында қарсы алды

Түркияның Муш қаласы, Кепенек ауылының 111 жастағы қариясы Зүбейір Бакыр биылғы Құрбан айт мерекесін 7 баласы, 110 немересі мен 5 шөбересінің ортасында қарсы алды.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қазыналы қарттың айтуынша, Құрбан айт – бірлік пен берекенің, татулық пен бейбітшіліктің ұлық мейрамы.

“Жұбайыммен 76 жыл отастым. Ол 90 жасына келіп, дүниеден озды. Содан бері балаларым мен немерелерімнің қолындамын. Олар менің барлық жағдайымды жасап берді. Әйеліммен бірге болған 76 жылдың ішінде сөз қағыстырып, ешқашан ренжіскен емеспіз. Бақытты өмір кештік. Өйткені біз бір-бірімізді сүйдік”, – деп өткенін еске алады қария.

Сондай-ақ ол деннің саулығы мен ұзақ жасаудың сырымен де бөлісті. Зүбейір Бакыр “Ас – адамның арқауы” деген қағиданы берік ұстануға кеңес береді.

Өзі өмір бойы ауылда тұрғандықтан, тек табиғи таза өнім тұтынғанын айтады.

 
нравится:    694
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии